Қала әкімі Джорджина Бейкермен кездесті

Қала әкімі Бауыржан Байбек ІFC халықаралық қаржы корпорациясының Латын Америкасы, Еуропа, Орталық Азия бойынша вице-президенті Джорджина Бейкермен кездесті. Екіжақты кездесу барысында ІFC қаланың инфрақұрылымдық жаңғыруы мен халықаралық несие рейтингін қалыптастыру туралы кеңес беру туралы уағдаластыққа қол қойылды.

Шаһар басшысы мегаполистің эконо­ми­калық өсімі 3,9 пайызға жеткенін мәлімдеді. Болашақта бұл көрсеткішті 5 пайызға арттыру көз­деліп отыр.

– Бұл үшін инвестиция көлемін арттырып, әлемдік үздік технология­ларды тарту қажет. Осы мақсатта біз ІFC, Еуразиялық қайта құру және Даму банкі, Бүкіләлемдік банк секілді халықаралық қаржы институттарымен бірлесе жұмыс жасаудамыз. Қазір қаланың несие рейтингін қалыптас­тыру мәселесі жолға қойылды. Оңтайлы шешім шықса, қалаға ұзақ мерзімді инвестиция тартуға мүм­кіндік туады. Осының арқасында бірқатар инвес­ти­циялық жобаларды жүзеге асыруға болады. Атап айтқанда, ескі үйлерді қайта жаңғырту бағдарла­масының инвестиция­лық әлеуеті 410 млрд. теңге болып тұр. 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй салынуы тиіс. Бұл жұмысқа 16 мың адам тартылады. Елбасының «Қара­пайым заттар эко­но­микасы» импорт­тың орнын басу бағдар­ламасының үдесінен шығады. Біз өзімізде көп тауар шы­ғара ала­мыз. Мүмкіндік ұшан-теңіз. Алма­тыда импорт соңғы 11 айда 3,7 трлн. теңге болған. Тым болмаса 10 пайызын ауыстырсақ, 50 мың адамды жұмыспен қамтуға болады, – деді қала әкімі Бауыржан Байбек.

Қала басшысы ІFC-тің әлемде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында келісімдерді рәсімдеуде тәжірибесі мол екенін тілге тиек етті. Алматыда қазір ірі инвестициялық жобалар жүзеге асып жатыр. Бұл жобаларға шетелдік инвести­ция керек. Мұндай жобалардың бірі – LRT жүйе­сінің құрылысы. ІFC осы жобаларға сараптама жүргізетін болса, жоба­лардың инвестициялық тартым­дылығы арта түспек. Джорд­жина Бейкер екі­жақты келісімнің Алматы қаласының Орталық Азия­дағы беделін арттыруға септігін тигізетінін мә­лімдеді. Оның ай­туынша, ІFC Қазақ­стандағы страте­гиясы инфрақұры­лымға қолжетім­ділікті арттыруға, экономиканы әртараптандыру, бәсе­кеге қабілетті­лігін арттыруға, қар­жылық секторды күшейтуге, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған. Бұл корпо­рация осы бағытта мемлекеттік органдар мен корпора­цияларға, МЖӘ аясындағы әріптестікті арттыру туралы кеңестік қызмет көрсетеді. Бүгінде Алматы – еліміздің қарқынды дамып келе жатқан қаласы. Ел ЖІӨ 5/1-і Алма­тының еншісінде. 2014 жылы инвес­тиция көлемі 5 пайызға төмендесе, былтыр инвестиция көлемі 10,5 пайызға артты. Қаланың дамуына тартылған инвес­тиция көлемі 732 млрд. теңге болды. Оның ішінде 100 млрд. теңге көлемінде шетелдік инвестиция тартылған. Эконо­микадағы ШОБ үлесі 42,4 пайызға, салықтағы үлесі 64 пайызға артты.

 

Н.АСЫЛ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *