ҚАЛА ӘКІМІ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

«Игі істің басына, жақсы келер қасына» демекші, халқына қуаныш сыйлап, жақсылық жасап жүрген, ел азаматтары баршылық. Ондай ер-азаматтар ел жүрегінде, халық тілеуінде. Қала көркейіп, спорт комплекстері мен мәдени орындар бой түзеп, құлпыра түсуде. Осындайда «Әкім болсаң, халқына жақын бол» деген осы екен-ақ дейсіз.

Сонымен қатар, қаламыздағы мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердің күрделі жөндеулерден өтіп, заманауи оқу техника­лық құралдармен жабдықталуына үлкен мән беріп, білім ордаларындағы оқушылар­дың терең білім алуына жағдай жасалуда.

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары мен мүмкіндігі шектеулі балаларға және көпбалалы жанұя балала­ры­на арнап «Жаңа жылдық шырша» мере­ке­сін ұйымдастырылып келеді. Қала әкі­мінің осындай қуанышқа толы мерекесін асыға тосатын балалардың қуанышында шек болмады. Жаңа жыл мерекесіне барынша түрлі-түсті костюмдерін киіп барған балалар мол сыйлықтарын алып, мәз-мәйрам болып қайтты. Биыл да осындай Жаңа жылға арналған мереке ұйымдастырылып, қала бойынша барлық мектептер қатысты. Біздің Әуезов аудан­дық мектептерінен қатысқан оқушыларға ертегілер әлемінің кейіпкерлері балалық көңілдеріне балдай тәтті арман-қиял ұялатып, қанаттандыра, өмірге деген құлшыныс сыйлады.

Осы мерекеге қатысып жүрген Әуезов ауданы Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия оқушыларының қала әкіміне айтар алғысы шексіз.

Халқына жақсылық жасап, балаларға шаттық сыйлаған, елін сүйген ер-азаматқа деніңіз сау болып, әрқашан ел алғысына бөленіп, биіктерден көріне беріңіз демекпіз.

 

Алтынкүл ТОҚСАНБАЕВА,

Әуезов ауданы

 Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназияның

әлеуметтік педагогі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *