Қала әкімі Б. Сағынтаев қаза тапқан балалардың отбасыларына көңіл айтты

Қала әкімі Б. Сағынтаев үш баланың өліміне қатысты арнайы топ құруды тапсырды.
«Құтқару қызметтері Алатау ауданында жоғалып кеткен оқушыларды іздестіруді аяқтады. Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсеғалиев есімді өрімдей балалардан айырылып қалдық. Қайғы құшқан отбасылар мен олардың жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Балалар дұрыс қатпаған жұқа мұзды су қоймасында көз жұмды. Полиция департаменті мен ТЖ қызметтеріне оқиғаның себебін тергеу үшін арнайы топ құруды тапсырдым. Зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетеміз. Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды», – деп жазды шаһар басшысы өзінің Facebook парақшасында.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *