Қала әкімі қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі өңірлік штабтың Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының коронавирусты пандемия деп жариялауына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындаудың барысы туралы есебін тыңдады.
Алқалы жиында коронавирустық инфекция тіркелген жағдайда Алматы қаласы тұрғындарының қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін алгоритм жобасы пысықталды.
COVID-2019 вирусының енуіне және таралуына жол бермеу бойынша атқарылып жатқан шараларды күшейту туралы өңірлік штаб төрағасы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров, қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Т. Әбілдаевпен Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы А. Молдағасымова баяндады.
«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *