Қала әкімі қара шаңыраққа келді

Рая ЕСКЕНДІР
Жазушылар Одағының мәжіліс залында Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев жазушылармен кездесті. Кездесуді Жазушылар Одағының Төрағасы Ұлықбек Есдәулет ашып, жүргізіп отырды.
– «Әдебиеті ұлы болмай, ұлт ұлы болмайды» деп заңғар жазушымыз Ғабит Мүсірепов айтқандай, шығармашылықпен айналысатын тұлғаларға ұдайы назар аударып, тиісті жағдай жасау – өсер елдің белгісі болса керек. Осыған орай қаламызда жазушыларымызға қатысты қолға алған және алда атқарылатын жоспарларымыз жөніндегі ойымды өздеріңізбен бөлісуді жөн көріп отырмын, – деп әңгімені бастаған шаһар басшысы таяуда ғана Жазушылар Одағы төрағасымен кездесіп, көптеген қордаланған мәселелер туралы сөз болғанына тоқталды.
Ең басты, кезек күттірмейтін мәселе – тек Алматы қаласының ғана емес, қазақ руханиятындағы алар орны ерекше Жазушылар Одағы үйіне күрделі жөндеу мәселесі болған еді. Қала әкімі бұл тұрғыда жағымды жаңалықты жеткізді. Ғимаратты жөндеу жұмысы үшін жергілікті бюджеттен 250 млн. теңге бөлініп, келесі аптада Мәдениет басқармасы ғылыми-реставрациялық жұмыстар үшін конкурс жариялайтын болды.
Екінші мәселе – Жазушылар Одағының 85 жылдығы туралы болды. Сәтін салса, осы Одақпен бірге жасап келе жатқан іргелі басылым «Қазақ әдебиетіне» де қаржылай көмек көрсетілетін болды.
Жылы шырайлы, терең тағылымда өткен кездесу барысында Мәдениет пен тіл, ұлттың рухани дамуына қатысты келелі әңгімелер айтылды.
Қала әкімі әдеби-жанрлық байқаулар өткізу, арнайы гранттар тағайындау, театрларға арналған сценарийлер байқауы, ел руханиятына өлшеусіз үлес қосқан сөз зергерлері циклын шығару туралы, т.б. өз ойын ортаға салды.
Қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан танымал ақын-жазушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныс-тілектерін айтты.

Кеңейтілген материалды газеттің келесі санынан оқисыздар.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *