Қала әкімі Алматының Индустриалдық аймағында болды

Бүгін, 19 қазанда, қала әкімі жұмыс сапары барысында қаланың Индустриялық аймағындағы жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Сондай-ақ бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көрді.

Бүгінгі таңда аймақ аумағында іске асыру үшін 39 жоба мақұлданып, онда 5200-ден астам жұмыс орны құрылады. Алты кәсіпорын пайдалануға берілді. Олардың қатарында жылыжай кешені, сондай-ақ қағаз қаптарды, оргтехникаға арналған картридждерді, өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйелерін, кабель өнімдерін, скотч пен стрейч-пленкаларды өндіру зауыттары бар.

Іске қосылған кәсіпорындардың жалпы инвестиция сомасы 24,4 млрд. теңгені құрады. Мұнда 385 жұмыс орны ашылды. 2019 жылдың соңына дейін 67 млрд. теңге сомаға жеті жобаны іске қосу жоспарланып отыр. онда 1,5 мың жұмыс орны ашылмақ. Қала экономикасына инвестиция тарту бойынша жұмысты жандандыру мақсатында Б.Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Алматының Іскерлік кеңесі құрылды. Мұнда шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту шарттарына қатысты барлық мәселелер талқыланады. Сонымен қатар, салалық одақтар мен кәсіпорындардың басшыларымен өткізілетін Өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысы қайта жанданды. Жақында өткен отырыста модульдік үй құрылысы, жылыту және өрт сөндіру жүйелерін, құрылыс материалдарын, полимерлік құбырларды өндіру бойынша жобалар мақұлданды. Бұл күні Б.Сағынтаев Алатау ауданында «Алматы-2020» бағдарламасы аясында салынған және заманауи жабдықтармен жабдықталған жедел медициналық жәрдем стансасының жаңа ғимаратын аралап көрді. Сондай-ақ, қала әкімі JCI халықаралық аккредитациясына дайын №17 қалалық емхананың қызметімен танысты. Аккредиттеу әлемдік стандарттарға сәйкес келетін медициналық көмектің сапасын халықаралық деңгейде мойындау болып табылады. Бұдан өзге шаһар басшысы елдегі баспа-полиграфия саласының мамандарын дайындайтын жалғыз оқу орны болып табылатын полиграфия колледжімен танысты. Колледждің түлектері креативті индустрияның бір бағыты бойынша өз ойларын іске асыруға мүмкіндіктері бар. Өйткені Б.Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша бұл бағытқа ерекше көңіл бөлінуде.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *