ҚАЛА ӘКІМІ АЛМАТЫДАҒЫ РФ БАС КОНСУЛЫ ЕВГЕНИЙ БОБРОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Екіжақты кездесу барысында Алматыда Ресей Федерациясының қалаларымен өңіраралық ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Қала әкімі Б.Сағынтаев ҚР Президенті Қ.Тоқаев берген тапсырмаларға сәйкес мегаполисті дамытудың басты бағыттары туралы баяндап, жақын арада тұрғындардың пікірін ескере отырып, қаланы дамытудың жаңа стратегиясы жасалатынын атап өтті. Құжаттың басты принципі – шетсіз қала, орталықтандыру, мегаполистің барлық аудандарында өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру.

Шаһар басшысы  қала үшін ресейлік әріптестердің қала кеңіс­тігін жоспарлау мен Мәскеу, Санкт-Петербор сияқты басқа да ірі мәдени-тарихи орталықтардың урбанистикасы бойынша тәжіри­бе­лерінің өте құнды екенін атап өтті.

Алматыда ресейлік капи­талмен сауда, қаржы, медицина, өнеркәсіп салаларында 2679 кәсіпорын жұмыс істейді. Өткен жылы Алматы мен Ресей арасындағы тауар айналым 6,8 пайызды құрады.

Мегаполис басшысы Б.Са­ғын­таев ШОБ дамыту үшін оңды шаралардың жүзеге асқанын және әкімшілік кедергілердің азайға­нын мәлімдеді. Қалада кәсіпкер­лерге қолдау мен қызмет көрсе­тетін «Qoldaў» орталығы және «Алматы» ӘҚК жанынан құрыл­ған толық форматты «Almaty­Іnvest» инвестициялық блок жұмыс істеуде. Алма­ты Ресей бизнесімен тығыз байланыста жұмыс жасауға ынталы және өзара пайдалы жобаларды талқылауға дайын.

Кездесу барысында мәдени-гуманитарлық ынтымақ­тас­тық­тың жоғары деңгейі атап өтілді. Белгілі болғандай, қазан айының алғашқы онкүндігінде Алматыда Мәскеу күндерін, ал 4–6 қара­шада Санкт-Петербордың гума­ни­тарлық-іс-қимыл миссиясын өткізу туралы келісім жасалған болатын.

–              Бұл шаралардың өңірара­лық ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беретініне сенім­дімін. Біз оларды ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

 

Алматы мен Оңтүстік Корея арасындағы

сауда-экономикалық байланыстар нығаятын болады

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы Корея Республикасының Бас консулы Ким Хынг Сумен кездесті. Кездесу кезінде ағымдағы жағдайлар және сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев өңірлердің инвестициялық тар­тым­дылығын арттыру міндетін алға қойған еді. Оңтүстік Корея Қа­зақстанның 12 ірі сауда серік­тестерінің қатарына енген. Қазақ­стандағы оңтүстік кореялық инвестицияның 10 жыл ішіндегі (2008–2017 жылдар) көлемі 4,5 млрд.-тан астам АҚШ долларын құрайды.

Алматыда корейлік капитал­мен сауда, медицина, құрылыс, телекоммуникация салаларында 320 кәсіпорын жұмыс істейді.

Шаһар басшысы Б.Сағынтаев Алматыда іскерлік байланысты нығайту үшін ашылған корейлік сауда және инвестициялар жөніндегі (KOTRA) Агенттік Өкілдігінің маңызды рөл атқарып отырғанын атап өтті. Биылғы жыл­дың 5 айы ішінде өткен жыл­дың осы кезеңімен салыстырғанда тауар айналымы 5,5 пайызды құрады.

Қала әкімі мегаполисте сер­висті, мұнайға қатысы жоқ эко­номиканың қалыптасқанын атап өтті. Көтерме сауданың тең жартысы Алматыға тиесілі.

Экономиканың 40 пайызын шағын және орта бизнес құраса, еңбекпен қамтылған он адамның жетеуі осында жұмыс істейді екен.

Алматы – қаржы және эко­номикалық орталық ретінде жоғары инвестициялық тартым­дылыққа ие. Қалада ШОБ 185 мыңнан астам субъектілері бар. Индустриалды аймақ және «ПИТ» АЭА жұмыс жасауда, инвестициялық жобалар үшін бірқатар преференциялар мен жеңілдіктер қарастырылған. Биыл Индустриалды аймақта Hyndaі зауытының құрылысы басталды.

Инфрақұрылым мен көлік саласында байланыс дамуда. Өткен жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жүйесіне Алматы­ны тоғыстыратын БАКАД құры­лысы басталды. Құрылыс жұмыс­тарына Оңтүстік кореяның SK Group, Korea Expressway Corpo­ratіon компаниялары қатысуда. Бұдан өзге, электрлі жылжымалы құрамды жеткізетін Hyundaі Rotem мен Алматы Метропо­ли­тені арасында келісім жасалған.

Қала басшысы денсаулық сақтау, мәдени-гуманитарлық салалар бойынша өзара байла­нысты нығайту мәселелеріне де тоқталды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *