ҚАЛА ӘКІМІ ҚАЛАНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГТАРЫН МАРАПАТТАДЫ

Алматыда тәуелсіздік жылда­ры Мем­лекет басшысы­ның қол­дауы арқасында 117 оқу орны салынды. Тек соңғы бес жыл ішін­де ғана мегапо­листе білім са­ласын қаржыландыру 37%-ға өсті немесе 27 млрд. теңгеге жетті. Бұл туралы Алматы қала­сы­ның әкімі Бауыр­жан Байбек мереке қарсаңында болған қала­ның педагогтар қауымдас­тығы­мен кез­десу кезінде айтты. Сон­дай-ақ, бүгінгі күні білім сала­сының инфрақұрылымын дамы­туға ерекше назар аударылуда. Тек биылғы жылдың өзінде ғана құрылыс пен күрделі жөндеу жұмыстарына 17 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.

Қаланың үздік педагогтарын салта­натты түрде ұлықтау барысында Бауыржан Байбек Мемлекет басшысы Жолдауын жүзеге асыру аясында білім және ғылым министрлігінің «Педагогтың мәртебесі туралы» және «Оқушы мен мұғалімнің жүктемесін азайту бойынша бірқатар заң акті­леріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» заңдардың жобаларын дайындағанын атап өтті. Айта кетерлігі, жыл басынан бері қарай жаңаша білім беруге кіріскен Алматы мұғалімдерінің 70%-ының жалақысы 30 пайызға өсті. Өз кезегінде 1 қыркүйектен бастап ұлттық кәсіби тестілеуден өткен 1293 мұғалім алғаш рет өздерінің қызметтік еңбек­ақысына 30-дан 50%-ға дейін қосым­ша ақы алатын болады. Бұлардан өзге, мемлекет ағыл­шын тілін оқыта­тын мұғалімдерге қолдау көрсетуде. Міне, биыл екінші жыл физика, химия, биология мен информа­тика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалім­дерге қызметтік жалақыларына қоса 200%-дық көлемде қосымша ақы төленеді.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *