Қала әкімі Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Бүгін қала әкімі Б. Сағынтаев пен шаһардың зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұл рәсім Абайдың туған күніне орайластырылды. Енді биылғы жылдан бастап ақынның туған күні ресми аталып өтілмек.
Салтанатты шараға жазушылар мен ақындар Олжас Сүлейменов, Мұрат Әуезов, Роллан Сейсенбаев, Бақытжан Қанапиянов және басқалары қатысты.
«Абайдың туған күні ресми мереке болып белгіленді. Бұл күн қазақтың мәдениетін, әдебиеті мен поэзиясын бейнелейді. Президент жариялаған ұлы ойшыл және жазушының 175 жылдығы ақынның поэтикалық, философиялық еңбектерінің ғылыми-зерттеу жұмысын жандандырмақ. Абайдың мұрасы әлі зерттелу керек. Бұл ретте Ұлы Абай айтқан принциптер, яғни еңбекқорлық, білімге деген құштарлық, адамзатты сүю мен ой тазалығы туралы пікірлері өзектілігін жоймайды. Абай күні құтты болсын!», – деп жазды қала әкімі Б. Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында.
«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *