Қала әкімдігі әуежайда инфекцияға қарсы қауіпсіздік шараларын күшейтті

Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында «Стамбул-Ухань-Стамбул» бағыты бойынша ұшып бара жатқан «TCCJ» чартерлік рейсі Алматы қаласының әуежайына аялдады. Қолда бар ақпарат бойынша бұрын осы бортта коронавирусты жұқтырған жолаушы болған.
Алматы әкімдігі әуе кемесіне қосымша бензин құюды жүзеге асыру кезінде барлық санитарлық-карантиндік бақылаудың күшейтілген нормаларын сақтап, қажетті шараларды жүргізді. Еліміздегі ірі мегаполистің аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында отын беру операциясы жолаушылар мен экипаж мүшелерін эвакуациялаусыз жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, Алматыға Қытайдың 5 қаласынан келетін рейстер ескеріліп, Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитеті департаментінің және әуежайдың медициналық қызметінің жауапты тұлғалары эпидемияға қарсы санитарлық-профилактикалық шаралар кешенін іске асыруда. Бүгінде барлық рейстер ерекше бақылауда.
Елдегі әуежайлар мен вокзалдарда, әсіресе ҚХР-дан келетін өткізу пункттерінде барлық адамдардың (жолаушылардың, тасымалдаушылардың, экипаж мүшелерінің, бортсеріктердің және басқалардың) міндетті байланыссыз термометриясы жүргізіледі. Барлық өту орындарында, соның ішінде темір жол, автомобиль жолдарында, Қытаймен шекаралас периметрдегі барлық санитарлық-карантиндік пункттерде де термометрия жүргізілуде. Қолда бар мәліметтер бойынша, 13 мыңнан астам жолаушы тексерістен өтті. Инфекцияны жұқтыру жайты тіркелмеген
«АҚШАМ-АҚПАРАТ».*Қала әкімдігі әуежайда инфекцияға қарсы қауіпсіздік шараларын күшейтті*

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *