ҚАЛА КӨРКІ — ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК

Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев
«Jasyl Almaty» жобасын іске асыру бойынша халықаралық және отандық сарапшылармен кездесті. Өзінің фейсбук парақшасында хабарлағандай,
аталған жоба қаланы ауқымды деңгейде көгалдандыруға бағытталған. Кездесуде жобаны іске асырудың ұйымдастырушылық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, мегаполистегі жасыл желекті отырғызу мен егу ерекшеліктері, ревитализация мәселелері, оның күтіміне қойылатын талаптар сөз болды.
«Кездесуді қорытындылай келе, келесі жылдың көктем айларында басшылыққа алынатын мастер-жоспар әзірлеу туралы шешім қабылданды. Бұл құжат барлығын қамтиды. Яғни ландшафтық дизайнның түрлері, аймақтарынан бастап, егілетін ағаш сорттары мен оны суарудың жүйесіне дейін егжей-тегжей жазылған» делінген хабарламада.
«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *