ҚАЛА АУДАНДАРЫНДАҒЫ БАЗАРЛАР ЖАҢА КЕЛБЕТКЕ ИЕ БОЛАДЫ

36Нұржамал БАЙСАҚАЛ

«Қарабазарымыздың» қазіргі келбетін көрген қала тұрғындары мен қала қонақтары  қала басшы­лығына дән риза шығар. Кептеліс пен қалаймақан тірліктен арылған «барахолка» бүгінде тұрғындардың сауда жасап қана қоймай, демалып та қайтатын жайлы орындарына айналды.

Күні кеше ғана ашылған саябақ та  «базарлар»  қалашы­ғының ажарын ашып шыға келді.  Ал кеше   Әуезов, Бостандық, Наурызбай ауданының кәсіпкер­лері мен осы аудандарда орна­ласқан базар басшыларымен кез­дескен қала әкімінің орынбасары Е.Әукенов  аталған аудандарда орналасқан 11 базардың да жаңа, заманауи  сәулетке ие болуы керектігін, сауда орындарының  тұтынушылар үшін  жайлы да қолайлы болуын  айта келіп,    Сәу­лет және қалақұрылысы бас­қармасы   басшысының орынба­сары Жанат  Айтілеудің Әуезов, Бостандық, Наурызбай ауданда­рындағы базарларды жаңғырту бағдарламасы бойынша алдын-ала жасалып, базар басшыларына ұсынылып отырған сәулет-құрылыс жобаларымен танысты.

Жобалардың бейнесызбалары­мен мұқият танысып шыққан   қала әкімінің орынбасары   сәу­лет­шілер мен базар басшыларына базарлардың  тұрғындар үшін қолайлы болуын   тағы да ескер­тіп, қатаң қадағалауы ескертті. Жиналыс барысында Ерлан Әукенов  Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы  А.Балова мен қалалық Сәулет  және қалақұрылысы басқармасы басшысының орынбасары Ж.Ай­тілеуге   жаңғыртуды қажет етіп отырған базарларды тағы да аралап көріп,  тиісті қорытынды жасауды тапсырды.   Болашақта Алматының сәулеті мен сәніне нұқсан келтіріп отырған және қызыл сызықта орналасқан  базарлар мен сауда нүктелерінің жойылатынын  ескерт­кен қала әкімінің орын­басары базарларды жаңаландыру жұмысын мүм­кіндігінше тездетіп қолға алумен қатар, кәсіпкерлерге қаржы­ландыру көздерін қарас­тыруды, бүгінгі таңда кәсіп­керлікті дамытуға мол мүмкіндік беріп отырған «Жол картасы» бағ­дарламасын, Даму банкі ұсынып отырған жаңа қаржылық қолдау бағдарламасын тиімді пайдалану қажеттілігін де айтты.

Ал  құрылысын қайта салу ұсынылып отырған 11 базардың  бірқатары қызыл сызық бойында орналасқан екен.  Бұл басқосуға кәсіпкерлермен қатар, аудан  әкімдерінің орынбасарлары, әкімдіктердегі кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімдерінің басшылары,  Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау департаментінің өкілдері қатысты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *