Қалаға құс келді

Мәншүк БЕКБОСЫН

 

Әне-міне дегенше, біздің өлкеге де көктем келіп жетті. Биылғы көктем алғашқы күндерінен-ақ көктемдік мінезін танытып, шуағына бөледі. Сықырлаған аяз, ақ қар, көк мұздың ауылы алыстап, жер қарайып, күн жылып, жазғытұрымға қарай бет бұрды. Күнтізбеде наурыз айы басталып, қоғамдағы береке-бірліктің ұйытқысы – Алғыс айту күні, одан соң әлемдегі нәзік жандылардың мейрамы, ал сосын Самарқанның көк тасы еритін күн – әз-Наурыз да дәл осы мезгілде тойланды. Осылайша айналамыз, өзен-көлдеріміз, тау мен бақшаларымыз құстардың қиқуына бөленді. Құстар демекші, ертең – Халықаралық құстар күні. Бұл күн табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуын танытатын тағы бір мейрам іспетті. Құс – бақыттың, байлықтың, даналықтың, табыстың, бостандықтың, қуаныштың символы саналған.
Жалпы, Халықаралық құстар күні 1906 жылы Құстарды қорғау бойынша конвенцияның бекітілуіне байланысты атап өтіледі. Кейбір деректерге көз жүгіртсек, бұл күн алғаш рет қауымдық мереке болып 1894 жылы АҚШ-та өткізіліпті. Бұл мейрам қарқынды түрде басылым¬дарда жарық көріп, АҚШ-тың басқа да штаттарына, кейін Еуропаға да жеткен көрінеді.
Бүгінде әлем бойынша құстардың 8,5 мың түрі тіршілік етеді екен. Біздің елімізде қанаттылардың 500-ге жуық түрі, ал Алматыда 300 түрі бар. Орнитолог мамандар құстардың Қазақстанға екі кезеңмен ұшып келетінін айтады. Оның бірінші кезеңі – 21 наурыз бен 22 сәуір аралығы. Бұл кезде негізінен құрт-құмырсқалармен қоректенетін қараторғай, таңшымшық, жаурақ торғай, саурық секілді құстар ұшып келеді екен. Ал екінші кезең – 22 сәуір мен мамыр аралығында, көбіне бұлбұл, мысық торғай бастаған әнші құстар келеді дейді.

 

КЕРЕК ДЕРЕК

Бүгінде әлем бойынша құстардың 8,5 мың түрі тіршілік етеді екен. Біз¬дің елімізде қанатты¬лар¬дың 500-ге жуық түрі, ал Алматыда 300 түрі бар. Орнитолог ма¬мандар құстардың Қа-зақстанға екі кезең¬мен ұшып келетінін айта¬ды. Оның бірінші кезеңі – 21 наурыз бен 22 сәуір аралығы. Бұл кезде негізінен құрт-құмырсқалармен қорек¬те¬нетін қараторғай, таң¬шымшық, жаурақ тор¬ғай, саурық секілді құс¬тар ұшып келеді екен. Ал екінші кезең – 22 сәуір мен мамыр аралы¬ғында, көбіне бұлбұл, мысық торғай бастаған әнші құстар келеді дейді.

Үлкен ала тоқылдақ – жыл құсы

2018 жылдың «Жыл құсы» ретінде үлкен ала тоқылдақ таңдалды. Мұндай шешімді Қазақстан Биоалуан түр-лілікті сақтау ассоциациясы мен еліміздің Құстарды қорғау одағы қабылдады. Үлкен ала тоқылдақ Еуразияның қыл¬қанды және жапырақты ормандарын мекендейді.
Жалпы, елімізде тоқылдақтың сегіз түрі бар.

 

БІЛЕСІЗ БЕ?

Алматы зообағында бірнеше құс қамаудан босатылды. Жыртқыш емес құстарды зообақ аумағына еркін жіберу туралы бастаманы зообақтың бұрынғы директоры Ержан Еркінбаев көтерді. Осылайша зообаққа келушілер еркіндікте жүрген тауыс пен қораздарды көруге мүмкіндік алды.

 

«Жыл құсы» дегеніміз не?

Елімізде 2006 жылдан бастап құстың белгілі бір түрі «Жыл құсы» аталып келеді. Оны Қазақстандағы Биоло¬гиялық алуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (ҚБАСҚ) мен Қазақстанның орнитолог ғалымдары ұсынып жүр. Бұл шараның мақсаты – жойылып бара жатқан құстарға адамдардың назарын аудару, сол арқылы оларды сақтап қалу.
Өткен жылы «Жыл құсы» болып үкі таңдалған еді.

 

Халықаралық құстар күніне арналған мерекеге шақырамыз

Ертең, 1 сәуір күні сағат 11.00-де Баум бағының аума¬ғында Халықаралық құстар күніне арналған мереке өтеді. Аталған шараға қалалық Білім басқармасының жас табиғат зерттеушілер стансасы, қалалық Табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының және «Медеу» мемлекеттік аумақтық табиғи паркі қолдау білдіреді. Халықаралық құстар күніне арналған мерекені өткізеді.
Мерекеге қаланың барлық аудандарынан 120-дан астам мектеп оқушысы қатысады. Құстар мерекесінің бағ¬дарламасы бойынша, оқушылар шара соңында ұя жасайды.
Қосымша ақпарат алу үшін 309-75-99, 232-68-32 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *