АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН АЙБЕК

Бүгінгі нарық айдынында «Казлегпром-Алматы» ЖШС өз  орнын ойып тұрып алды. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі саласын дамытуға 2011 жылы бел шеше кірісіп, өзіндік үлесін қосып келе жатқан өндіріс ошағы шетелдік алпауыттармен  бәсекелестікке батыл түрде қадам басқан еді. Содан бері жеңіл өнеркәсіптің тігін және аяқкиім саласын дамытып келе жатқан кәсіпорын халықты да жұмыспен қамтып отыр.

Рая ЕСКЕНДІР

Ең алғаш 2011 жылы өз жұмысын бастаған өндіріс кедергілерге кездесіп, көптеген қиындықтармен бетпе-бет келген болатын. Ең алдымен, тіркеліп алған соң, өндіріске қажетті құрыл­ғы­лар сатып алып, оны меңгеретін маман­дарды оқытып, дайындау да оңайға соқпады.

Соған қарамастан, «Казлегпром-Алматы» ЖШС табандылық танытып, өз өнімдерімізді өндіруге кірісіп кеткен еді. Бір кездері өз елімізде киім-кешек те, аяқкиім де өндірілгені белгілі. «Каз­легпромның» тамырына қан жүгіруі келмеске кеткен өндірістердің қайнаған кіші қазаны іспетті болды. Өндіріс басшысы жас та болса өз ісіне мығым жігіт Айбек Бектұрғановтың басты мақсаты да осы еді. Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп нарығын тігін және аяқ­киім саласында бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз ету үшін еткен еңбек, үздік­сіз ізденіс қысқа мерзім ішінде өнді­рістің өрісін кеңейтуге қол жеткізді.

Фабрика жоғары сапалы, үлкен көлем­де өнім өндіруге мүмкіндік бере­тін, әлемнің алдыңғы қатарлы өндіруші алпауыттары АҚШ, Жапония, Гер­мания сынды мемле­кеттердің заманауи, әрі аса жоғары технологиялық құрал-жабдық­тарымен толықтай қамтамасыз етіліп шыға келеді. Күндіз-түні тігін цехтарындағы, аяқкиім цехтарындағы қарқынды еңбек көрігі бір сәтке де толастамайтын жоғары техноло­гия­лық өндірістік ірі кәсіпорынның біріне айналды.

Бұл күні өндірістің кешенді аумағы 1 гектар жерде орналасқан төрт блокты құрайтын 12 033,7 м2 жерді алып жатыр. Өндірістің қуаттылығы жылына бір жарым миллионнан астам әр түрлі тігін бұйым­дары мен бес жүз мың данадан астам аяқ­киім өндіруге жетті. Дүние жүзін шарпыған дағдарысқа қарамастан ірі өндірістер үздік технологияларды енгізіп, жаңашыландыру жұмыстарын жүргізіп отырады. Бұл тұрғыда «Казлег­пром-Алматы» ЖШС-те үнемі техноло­гияны жетілдіріп, тек 2013-2014 жыл аралығында 800 жаңа заманауи жабдық­тар орнатып үлгереді. Жалпы, өндірісте бір сәтке де кешеуілдеуге болмайды. Сон­дықтан нарық заңына, заман сұранысына сай келетін итальяндық жабдықтар сатып алынған еді.

Бұл жабдықтың шығыны 300 млн. теңгені құраса, есесіне 70 адамды жұмыс­пен қамтып, өндірістік қуаты 2,5 млрд. теңгені құрайтын 150 000 жұп аяқкиім тігуге мүмкіндік туды. Аталмыш өндіріс ошағы мемлекетіміздің жұмыс­пен қамту бағдарламасына да үлесін қосып, тұрғын­дарға жұмыс беріп отыр. Алматы қаласы мен облысы үшін жұмыс берушілердің алды болып, 2014 жылы өндіріс жанынан «Шебер» оқу орталығын ашқан еді. Сол уақыттан күні бүгінге дейін дуальді оқыту техно­логиясымен 7 бағдарлама аясында тігін және аяқкиім өндірісі бойынша маман­дар даярлап қана қоймай, қайта даярлап, сонымен қатар, мамандардың әрі қарай фабрикада қалып еңбек етуіне жағдай туғызып, басқа жұмыстарға орнала­суына да көмек көрсетіп отыр.

Аз уақытқа қарамастан «Казлег­пром-Алматы» ЖШС жанынан ашылған «Ше­бер» оқыту орталығында тігін және аяқкиім өндіру саласын жетік меңгерген 1170 маман толық оқып, үйреніп, шәкіртақы алып, кәсіпті игеріп шықты. Олар­дың арасында «Казлегпром-Алматы» ЖШС-да қалып еңбек етіп жатқандары қаншама. Тігін тігу, пішу сияқты қажетті маман болып қалыпта­сып, өзінің кәсібін ашып алып жатқан­дар да бар. «Казлегпром-Алматы» ЖШС негізінен жұмысшыларға, өнді­рістік және сервистік қызметкерлерге арналған арнайы киім түрлері мен әскери киімдер тігеді. Ерлерге арналған көйлектер, костюм-шалбарлар мен аяқ­киімдер өте сапалы­ғымен ерекшеленеді. Мектеп оқушыларына арналған бірың­ғай форма түрі де сапалы­ғымен сұра­нысқа ие. Балаларға арнап тігілетін аяқ­киімдерге ата-аналар тікелей өндіріске келіп, тапсырыс беріп жатады. Сондай-ақ, тапсырыс беруші­лердің сұра­нысы бойынша тігілетін киімдердің де түрі өте көп. Бұл күні нарық айдынындағы бәсекелестік кеңінен белең алған. Ақша­сына емес сапасына қарайтын тұты­нушымен бірге арзан әрі сапасыз өнімдерді тұтынушылар да көп. Деген­мен, «Казлег­пром-Алматы» ЖШС шығарған, Қазақ­станда өндірілген өнім түріне деген сұраныс артып келеді.

Оның өнімдерін «Мега Алматы» сауда ойын-сауық кешені, Нұр-Сұлтан қаласын­дағы «Меga Sіlk Way» сауда кешеніндегі дүкендерден алуға болады. «Казлегпром-Алматы» ЖШС дирек­торы Айбек Бектұр­ғанұлы қазақстан­дық нарықты қамтама­сыз еткеннен кейін өз өнімдерін сыртқы саудаға, яғни экспортқа шығаруды жос­пар­лап отыр. Білікті басшы Айбек Бектұр­ғанұлының тиімді басқару тәсілі өз ұжымының бірнеше байқаулардан бәйге алуына мүмкіндік берді. Өндіріс «Қазақ­станда жасалған» сертификатын, Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департа­ментінің «2015 жылдың ең үздік салық төлеу­шісі» құрмет қағазының иегері, «Қазақстан–2015 үздік тауары» аталы­мы бойынша 1-орынды, «Жыл патрио­ты–2015» конкурсының «Нұрлы жол» но­минациясы бойынша жеңімпаз атанды.

«Казлегпром-Алматы» ЖШС аяқкиім өнімін таныстыру барысында Нұрсұлтан Назарбаев «Мен отандық жеңіл өнеркәсіпті қолдайтынымды үнемі айтып отырамын. Сіздердің фабрикаларыңызда болып қайттым. Жаңа өнім таныстырылатын болғандық­тан, сіздер тіккен костюмді киіп келдім. Аяқкиімім де сіздердің өнімдеріңіз. Қазақстандықтардың барлығын отан­дық өнімдерді сатып алуға шақырамын. Әрі қарай өсіп, дами беріңіздер. Сіздердің өнімдеріңіз Италия мен Франция жасап жатқан киімдердің сапасынан кем емес», – деген еді.

Ал 2016 жылы «Казлегпром-Алма­ты» ЖШС Қазақстан Ұлттық құрама­сы­ның Рио-де-Жанейрода өткен жазғы олимпиада ойындарына қатысушы спортшыларының салтанатқа киетін формасын тігу құрметіне ие болды. Жа­қында ғана аймақтық байқау нәтижесі бойынша «Халыққа арналған үздік тауар—2019» аталымы бойынша Бас жүлдеге ие болды. Өз өнімімізден өзімізге киім-кешек, аяқкиім тігіп отырған меке­менің барлық өнімдері сапа стандартына сай. Өндірістің ұйымдасты­рылуын жетіл­діру мақсатында «Казлег­пром-Алматы» ЖШС Италия, Түркия, Оңтүстік Кореядан мамандар шақырып, шетелдік тәжірибені де енгізіп отыр. Өндірістегі соңғы жаңалықтың бірі – Жапониядан әкелінген жаңа құрылғы. Екі-ақ адам жұмыс істесе де, арнайы нүктені баса отырып, кең көлемдегі жұ­мыс түрін бітіруге болады. Бұл құрылғы көбіне арнаулы киімдердегі белгілерді, жолақтарды тігуге бағытталған.

Жақында шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» холдингі басшыла­рымен бизнесті қолдау және дамыту шараларын талқылаған еді.

Онда шағын және орта бизнеске қолдау көрсетудің бірыңғай өңірлік бағдарла­масының қабылданатынын, әкімшілік кедергілерді жоюдың және мегаполистің инвестициялық тартымдылығын арттыру­дың нақтылы шаралары көрініс табатыны  туралы баса айтқан еді.

«Басты міндет – жұмыс орындарын ашу және инвестиция тарту. Мұнда «Бәйтерек» холдингімен және оның еншілес ұйым­дарымен бірлесіп, түсіністікпен жұмыс істеу үлкен рөл атқаратын болады», – дей келе, талқыланған барлық мәселелерге қатысты «жол картасын» бірігіп жасау жөнінде шешім қабылдады.

ШОБ жұмысына оң өзгерістер енгізу, инвестицияны арттыру, сервисті эконо­микада тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша бірқатар жүйелі шаралар ұсы­нылды. Олар: бизнесті қаржыландыру, әкімшілік кедергілерді жою, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, Алматының іскерлік кеңесінің диалог алаңына эконо­миканы дамыту мәселелерін талқылау мен шешім қабылдау процестеріне белсенді қалалықтарды кеңінен тарту қарасты­рылды.

Жұмыс орындарын құруға, жұмыс­сыздарды, әлеуметтік осал азаматтарды, әсіресе жастарды бизнеске тартуға айрық­ша назар аударылады. Мобильді орталық­тар құру мен Qolday кәсіпкерлік орталық бұл мәселелерді шешуге ықпал ететін болады.

Б.Сағынтаев барлық мәселелерді бірлесіп шешу қажет екенін айта келе, «Бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау және кәсіпкерлердің сұраныстарына дер кезінде назар аудару қажет. Эконо­микалық өсімге қол жеткізу үшін ашық диалог жүргізген жөн», – деді.

ҚР Парламенті Сена­тының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Динар Нөкетаева «Казлег­пром-Алма­ты» ЖШС  ұжымында болып, бәсекеге қабілетті ұжымның тыныс-тіршілігімен кеңінен танысқан еді. Тігінші қыздар­дың ептілігі, пішілген киімнің өндіріс­тен дайын өнімге айналып жатқаны, буы бұрқыраған үтіктен өткеннен кейін дайын болып шыға келген киім түріне, өнімдер­дің сапалығына өте жоғары баға берген сенатор кәсіпорынды дамытудағы кедер­гілер туралы да ұсыныстарды жазып алды. Аяқкиім тігетін цехтардың жұмысы, оған қажетті өнімдерді сатып алу, жеткізу, өңдеу, жөндеу сияқты толып жатқан жұмыстардан кейін ғана тұтынушының қолына жететін аяқ­киімдердің сапасы мен бағасы туралы, т.б. көптеген мәліметтерге қанықты.

Айбек Бектұрғанұлы басқарып отырған кәсіпорын қайырымдылық пен демеушілік үшін 14 млн. теңгеден астам қаржы бөліп, жоқ-жітімге көмек қолын созып келеді. Жағдайын айтып келген талай жанның қолын қайтармай, бары­мен бөлісе білетін азамат Айбек Бек­тұр­ғанұлының кішіпейіл­ділігіне ардагер қариялар да дән риза болып, алғыс­та­рын айтып жатады. Арыс­тағы ағайын­ның басындағы жағдайға бей-жай қарамай, Алматыдағы «Өрнек» сауық­тыру-дема­лыс орталығына келген 225 баланы мек­теп формасымен қамта­масыз етіп отыр. Алты жүзден астам жұмысшы дәл қазір еліміздің жеңіл өнеркәсібінің дамуына өз үлестерін қосып, ерекше еңбек етіп жатыр. Шіл­де­нің шіліңгір ыс­тығына қарамастан өнді­ріс ішінде бар­лық жағдай жасалған. Қыстағы жылы, жаздағы сал­қын ауа – олардың өнімді еңбек етуле­ріне мүмкіндік береді.

«Казлегпром-Алматы» ЖШС өнді­рісін аралап шыққаннан соң «өндіріс тоқтап қалды, кәсіпорын жабылып қалды» деген ойдан арылып, жұмыс іздегендердің несібе­сін табуға бір септігіміз тисе деген ниетте болдым.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *