Алғыс айту – парызым

Алғыс айту күні­не орай,  26 ақпан күні №62 гимназия­ның 4 «а» сыны­бында ұлағат­ты ұстаз Марфуға Ер­ға­лиева ұйымдас­тыруымен «Алғыс айту – парызым!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өт­кізілді.

Мерекелік тәр­бие сағатында өткен ғасырда қазақ жеріне  күштеп қоныс аударылған миллиондаған этностарды өз бауырына басып, бір үзім нанын тең бөліскен қазақ халқының дархандығын, Алғыс айту күнінің мән-маңызын бейнелейтін «Қазақ еліне мың алғыс!» атты бейнежазба  оқушылар назарына ұсынылды. Мерекенің пайда болу тарихына шолу жасаған Марфуға Мелсқызы оқушыларының ойындағы ризашылығын, білдірер алғыстарын тыңдай  отыра, көпшіл, мейірімді болуға шақырды. Шәкірттеріне тек дәріс бермей, оларды бірлесе отырып жұмыс істеуге үйретуде. Осылайша оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, сыйластыққа, қамқор болуға және достықты қадірлей білуге тәрбиелеу бағытында  зор жұмыс атқарып жатыр.

Мерекелік шара  елдегі ынтымақ пен бірлікті, ұлттар достастығын   дәріптейтін  бағдарламаға ұласты. Сыныптың мақтанышы бола білген Фомин Роман кавказ биін билеп, оқушыларды бір серпілтіп тастады. Марфуға Мелсқызының өз ісінің шебер маманы екені  сабақ барысында ерекше байқалды.

Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленетініне оқушылар тағы бір мәрте көз жеткізіп, өздерінің алғашқы ұстаздарына алғыстарын жаудырды. Әр адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтап, өмірдің әрбір сәтін бағалай білуді үйренді. Тәрбие сағаты соңында ата-аналар тарапынан сөз беріліп, мерекенің пайда болу тарихына тоқталдым.

Саналы  ұрпақ қалыптастыру жолында тер төккен еңбегіңіздің  жемісін көріңіз, Марфуға Мелсқызы!

Гимназия директоры Атығай Бижановқа және гимназия ұжымына қазіргі заман талабына сай білімді шәкірт тәрбиелеуде орасан зор еңбектеріңіз үшін  ата-аналар атынан алғыс айтамыз.

 

Мұратжан ТІЛЕГЕНҰЛЫ,

 ата-ана.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *