АЛЬБИНАНЫҢ АРМАНЫ

Қали СӘРСЕНБАЙ

Жан-дүниесінен түркілік рух бай­қалып тұратын (Алтайда өскен ғой) Василий Макарұлы Шукшин «ең бай­қампаз халық – балалар, сонсоң сурет­ші­лер» депті.

«Дунаевсийдің «Бесік жырын» орын­дап берсем, үй бересіз бе?».

Бұл бір бүлдіршіннің үлкен жиындағы жұртты жылатқан сөзі.

Хиросима қасіретінен айықпас дертке ұшыраған жапон бүлдіршіні Садока дәрі­герден «Мен жазылуым үшін, арманыма жету үшін не істеуім керек?» дейді. Дәрігер: «Мың тырнаның суретін сал» дейді. Бала 500-суретті салғанда көз жұмады. Қазір Хиросимада Садокаға қойылған ескерткіш бар. Дүние жүзінің балалары әлі күнге дейін мұнда тырнаның суретін жолдайды. Ескерткішті мыңдаған тырнаның суреті жауып қалған.

Құдай мұндай қасіреттен сақтасын. Кешегі тірідей жанып кеткен бес бүл­діршіннің үлкені Альбина үйдің суретін жиі салады екен. Өзінің ғана емес, артындағы төрт сіңлісінің де арманын бейнеледі ол. Осы арманмен көкке ұшып кетті.

Армандамайтын бала жоқ. Бәріміз де сол арманмен өстік. Арман қала Алма­тыда 10 жыл бойы 19 пәтерде тұрып жүріп, үй алдық. Құдай қаққан шығар, біздің де баланы қамап кеткен кезіміз болды. Шукшин айтқандай, баладан бай­қампаз халық жоқ. Біздің балала­рымыз да сол кезде осындай суреттер салды. Арманы­мызға жеткеніміз де сол суреттің арқасы шығар. Қазіргі мүм­кіншілік көп заманда Альбинаның арманы орындала­тыны хақ. Әрине, қазаның орны толмайды. Алла Тағалам әке-шешесіне қуат берсін! Періште арманы­ның орын­далғанына куә болайық.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *