АЛҒАШҚЫ МЕМЛЕКЕТТІК САПАР – ӨЗБЕКСТАНҒА

Президенттің баспасөз қыз­меті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың қатысуымен өтетін алдағы оқиғалар аңдат­пасы туралы хабарлады.

14-15 сәуір күндері Қазақстан Пре­зиденті Қасым-Жомарт То­қаев алғашқы мемлекеттік сапармен Өзбекстан Респуб­ли­касына барады.

Келіссөздер барысында Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбек­стан Президенті Шавкат Мир­зиёевпен сауда-экономикалық, әлеуметтік-гума­нитарлық және көлік-тран­зиттік салалар­дағы ынтымақ­тастықты одан әрі нығай­туға бағыт­талған екіжақты ықпалдас­тықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халық­аралық күн тәрті­біндегі басты тақырыптарды талқылайды.

Бірқатар маңызды құжат­тарға қол қойылады деп жоспар­лануда.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев пен Ш.Мир­­зиёев Қазақстанның Өзбек­­стан­дағы жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *