АЛҒАШҚЫ ДӘРIГЕРЛIК КӨМЕКТI ЖЕТIЛДIРУДIҢ БАСТЫ ТЕТIГI

  • АЛМАТЫ ДЕКЛАРАЦИЯСЫНА —35 ЖЫЛ

«Ауырып ем iздегенше, ауыр­майтын жол iзде» деген халық дана­лығына салсақ, адам бала­сының зор байлығы саналатын – денсаулықты сақтайтын емдеу мекемелерiнiң ұстанатын емдеу қағидасы да осы. Ауырмай тұрып, ем iздеудiң басты кепiлi — алдын-ала тексерiлiп, ауру-сырқау анық­тала қалған жағдай­да маман-дәрiгерлерге тексерiлiп, емде­лiп, сауығу жолдарын iздеу бо­лып табылады. Бұл ретте, сол ауруды анықтаудағы басты жауап­кершiлiк  алғашқы меди­ци­налық-санитарлық көмек көр­сететiн емдеу мекемелерi – емха­наларға жүктеледi. Осыдан 35 жыл бұрын Алматы қаласында дүние жүзiнiң дәрiгер­лерi бас қосып, халық денсаулығын жақ­сарту мен аурудың алдын алуда маңызға ие осы алғашқы медици­налық-санитарлық көмек мәсе­лесiн талқылап, оны жетiлдiру жөнiнде қарар қабылдаған бола­тын. Содан бергi отыз бес жыл iшiнде бұл сала жетiлдiрiлу үстiнде. Денсаулық сақтау саласы бойынша жасалатын реформалар­дың да басым бағыты – осы саланы жетiлдiруге ба­ғытталып келедi. Осы жаңа ба­ғытта халық­қа қызмет көрсетiп келе жатқан қаламыздағы емдеу мекеме­лерiнiң бiрi – №11 қалалық емхана.

№11 қалалық емхана 1988 жылы ашылды және ол аралас түрдегi бiрiншi емхана. Алғашқы санитар­лық-медициналық, диаг­ностикалық-кеңесшi ретiнде Алматы қаласы Жетiсу ауданы тұрғындарына, ересектерге, бала­лар мен әйелдерге бiр мезгiлде ар­найы көмек көрсетедi. Ауданда тiр­келген халық саны 65 мың адамнан асады, соның iшiнде, 14 жасқа дейiнгi балалардың саны он бес мыңды құрайды.

Тұрғындардың түрлi жастағы топтары (балалар, ересектер, әйел­дер) алғашқы медициналық көмектi осы емдеу-профилакти­калық меке­ме­сiнде алады. Жұмыс бiрыңғай терапевтiк-педиатрлiк-акушерлiк-гинекологиялық сала принципiмен ұйымдастырылған. Бұл өз кезегiнде емдеу-диагнос­ти­калық кезеңнiң сабақтастығын толықтай жүзеге асыруға мүмкiн­дiк бередi.

2010 жылы Бiрыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесi енгiзiл­гелi берi емделушiлер тұрғылықты же­рiне қарамастан өз ерiктерiмен стационар таңдауға құқылы, яғни, барлық процестер Портал Бюро Госпитализациялау (ПБГ) арқылы жүзеге асырылады. №11 қалалық емханада ПБГ арқылы 2010 – 2012 жылдары 3380 пациент стационарлы ем алған, олардың iшiнде, рес­публи­калық клиникалардан жоғары ма­ман­­дандырылған медициналық емдеу мекемелерiне, яғни, ауруханаға 273 адам жатқызылған. Ал аймақ­тық клиникаларда 3107 адам ем алған. Жыл өткен сайын жоғары маман­дандырылған медици­налық көмек алған емделушi­лердiң санының өскендiгi байқа­лады. 2010 жылы – 55, 2011 жылы – 76, 2012 жылы – 142 адам. Қалыпты жұмысқа кедергi кел­­тiретiн штаттан тыс жағдайлардың керiсiнше төменде­генiн байқауға болады: 2010 жылы – 10,26 пайыз, 2011 жылы – 8,93 пайыз, ал 2012 жы­лы – 6,7 пайызға төмен­деген. Яғни, штаттан тыс жағдай­лардың тұрақты төмен көрсеткiшiн байқаймыз. Емха­нада ауруханаға жатқызу жайлы әрбiр нұсқауды дәрiгерлiк-кеңесшi комиссия қарап шығады, ал әрбiр штаттан тыс жағдай iшкi аудит қызметкер­лерiмен ше­шiледi.

«Саламатты Қазақстан» бағ­дарламасы аясында Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы ұсыны­сына негiзделген Ұлттық скри­нинг­тiк бағдарлама да өз нәти­жесiн берiп келедi. 2010 – 2012 жылдары емхана бойынша скри­нингтiк тексерiстен 113885 адам өткен. Олардың iшiнде 48633-i – балалар, олардың 14613-iнен патология анықталған. Ересек­терден 65252 адам тексерiлген. Солардың iшiнде қан айналым жүйесiндегi ау­рулар патологиясы – 7643, сүт бе­зiндегi қатерлi iсiк алды ауру – 1892, жатыр мойын­шығы қатерлi iсiгi – 583, ересек­тердегi В және С вирусты гепатит – 48, бұлардың 5-еуi бала­ларда анықталған, ал сүт безi қатерлi iсiгi 8 әйелде анықталса, 3 адам­нан жатыр мойнының қатерлi iсiгi, тоқ iшектiң қатерлi iсiгi алты науқаста анықталған. Жоғарыда көрсетiлген қатерлi iсiктiң тек бастапқы белгiлерi анықталған.

Емхана қызметiнiң негiзгi бағыттары төмендегiдей:

– Мемлекеттiк орташа мер­зiмдi «Саламатты Қазақстан» бағдарла­масын жоспар бойынша жүзеге асыру, алғашқы медици­налық-санитарлық көмектi жетiл­дiру және тексерудiң жаңа техно­логияларын енгiзе отырып, тұрғын­дарды емдеу арқылы медицина­лық көмектiң қолжетiмдiлiгiн және сапасын арттыру және дамыту;

– Бiрыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесiнiң даму кезеңiн жүзеге асыру жұмысын жалғас­тыру;

– Жаңа индикаторларды өңдеу қажеттiлiгiнде iшкi аудит қызметiн жетiлдiру;

– Тұрғындарды тегiн медици­налық көмекпен қолжетiмдi қам­тамасыз ету және кепiлдендiрiлген сапамен амбула­торлы-емханалық көмектiң көлемiн ұлғайту болса, осы талаптардың бар­лығы 1978 жылдың 12 қыркүйегiнде қа­рал­ған басты мәселелерден өрiс алған едi. Олай болса, ауырмаймын десеңiз, қай кезде болсын, ауру­дың алдын алуға септiгi тиер ал­ғашқы дәрiгерлiк көмекке жүгi­нiңiз.

Гүлбану АНАРБЕКҚЫЗЫ,

№11 қалалық емхана бас дәрiгерiнiң орынбасары.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *