Алғаш рет парашютпен секірді

Құрлық әскерлері әскери институтының  десанттық-шабыл­дауылшы бөлімшелерін және барлау бөлімшелерін басқару мамандығы бойынша білім алып жатқан бірінші курс курсанттары  жақында МИ-17 тікұшағынан алғаш рет парашютпен секірді.

Осыған байланысты 3 рота командирі, аға лейтенант Қазыбек Исмаилов:

– Әрине, курсанттар әуеге алғаш көтерілер алдында, олармен теориялық және жерүсті даярлығы өткізілді. Осы жолы да болашақ офицерлер Құрлық әскерлері институтының әскери және арнайы барлау кафедрасы тәжі­ри­белі оқытушылары жетекші­лігімен парашют жүйелерінің тактикалық-техникалық сипат­тамасын, «күмбездің» ашылуына дейінгі және ашылғаннан  кейінгі  парашютшілердің іс-қимылдарын үйретті, жерге қону тәртібін пысықтады. Сынақ тапсырған соң курсанттар секіруге рұқсат алды, – деді.

Бұл жолы курсанттар бірінші рет қарусыз және жол дорбасыз секірді. Ал енді алдағы уақытта олар қарумен және толық жабдықтарымен түнде, күрделі жергілікті жер жағдайында немесе суға секіретін болады. Атап өтеті­ні, осы ретте курсанттармен бірге тікұшақтан 1 батальонның 3 рота басқармасы да секірді. Осы ретте 1 батальон 3 рота командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, аға лейтенант Еркебұлан Нарын­баев «Курсанттар өздерімен бірге тікұшақта парашютпен секіруге дайын отырған командирлерін көргенде, олардың моральдық-психологиялық жағдайы айтар­лықтай нығайып, жауапкершілігі артады да өз күштеріне деген сенімдері нығая түседі», – деп түсінік беріп өтті.

Осы жерде курсанттарды десанттаудың сәтті өткенін, олар­дың барлығы қойылған тапсыр­маларды ойдағыдай орындаған­дарын айта кеткен жөн. Демек, Отан қорғау ісін өздерінің басты мамандықтары деп білетін десант­шы-курсанттар алдағы уақытта талай биік белесті бағындырары сөзсіз.

 

Аида БЕКТҰРОВА,

Құрлық әскерлері институтының

баспасөз қызметі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *