«ҚАЛҚАМАН» СТАНСАСЫНЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

Алматы метросының «Қалқаман» стансасының болашақтағы келбеті қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Метрожоба» ЖШС бас инженері Павел Московчуктің айтуынша, метрополитеннің құрылысы «Батыс» автобекетімен біріктірілмек.

– Желі трассасы Қалқаман стансасы салынып жатқан Әшімов көшесінің астымен өтеді. Райымбек батыр көшесінен төмен көлік торабы салынады. Осылайша біз автобекет пен метрополитенді біріктіреміз. Бұл көлік торабы болады. Оған жерасты тұрақтары кіреді. Яғни батыс жақтан келетін көліктерге біз таңдау мүмкіндігін береміз. Олар көліктерін сол жерде қалдырып, әрі қарай қалаға метромен кірсе болады, – деді ол.

Осы орайда автобекеттің 14,7 га 7 аумақта орналасатынын айта кету керек. 1000-ға жуық көлік сиятын автотұрақ жасалады. Болашақта оның көлемі бұдан да артуы мүмкін.

Қазір Алматыда 9 метростансасы жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, Сарыарқа, Достық стансалары салынып жатыр. Бірінші желінің ұзындығы 3,1 шақырымға ұзармақ.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *