«Алғабас» мешітінде 250 адамға ауызашар берілді

18 мамыр күнгі ауызашарды өз отба­сының атынан бүгінде ел ағасына айналған Шерхан Пертайұлы Раздықов берді. Былтыр Раздықовтар отбасының отанасы Нұрбибі Баратқызы дүниеден озған болатын. Рамазан айының бірінші жұма­сындағы «Алғабас» мешітіндегі ауызашар­дың Құраны да марқұм Нұрбибі Барат­қызына бағышталды.

Екі жүз елу адамға дастархан жайып, ифтар берілген «Алғабас» мешітіндегі ауызашар бөлекшелеу өтті. Құран оқылып, жамағатқа Ораза, Құран Кәрім жөнінде түсіндірме-уағыз айтқан мешіттің наиб-имамы Еркінбек Алтай жиын барысында қасиетті Құран кітабына қатысты сұрақ-жауап ұйымдастырды. Қойылған сұрақтың жауабын дұрыс тапқандарға Меккеден келген зәмзәм суы, діни кітап, жайнамаз сияқты сыйлықтар үлестірілді.

– Анамыздың өмірден өткеніне бір жыл толады. Осыған орай, әкеміздің бастама­сымен қасиетті Оразада ифтар беріп отырмыз. Ауызашардың, оқылған Құран­ның сауабы бақилық барша мұсылманға тие бесін, – дейді Қайсар Шерханұлы.

Еркінбек АЛТАЙ,

«Алғабас» мешітінің наиб-имамы:

 

– Оразаның алғашқы он күні Алла Тағаланың рахмет етілген күндері санала­ды. Осы Рамазан айының алғашқы жұмы­сында жақсы ауызашар беріліп отыр. 250-ден астам, оның ішінде 50-дейі әйел кісілер жамағатқа сауапты іс жасап отырған Раздықовтар отбасы. Шерхан Пертайұлы ағамызға, отбасына сауапты ісі үшін «Алла разы болсын» айтамыз.

Жалпы, Алатау ауданының Алғабас» елді-мекеніндегі «Алғабас» мешітінің жанынан шағын қор құрылып, қайырым­дылық істер атқарылып келеді. Әсіресе, қасиетті Рамазан айында бірнеше әлсіз отбасына әлеуметтік, азық-түлік көмектері жасалып, мешіттің өз есебінен ифтарлар беріліп отыр.

Биылғы қасиетті Рамазан айында елдегі мұсылман жамағаттың негізі ауыз бекітіп, ниет етуде. Оңтүстік астананың барлық мешіттерінде, көптеген мейрамханаларда ауызашар беріліп, өзге де сауапты істер атқарылуда. Осындай «Алла үйінің» бірі Алатау ауданындағы «Алғабас» мешіті.

 

Нұр ҚАЙЫР.   

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *