ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖҮРЕКТЕ

Адам өміріндегі ең игі ұлы істерінің бірімұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бірбіріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасап, адамгершілік қасиеттерді бойына дарытады. Қамқорлық деген сөзді естісек бірден анамызды ойлаймыз. Ананың балаға қамқорлығынан асқан қамқорлық бар ма? Осындай қамқорлықты көрмеген, ананың ыстық алақаны мен әкенің ыстық құшағын сезбеген балалар қанша  екені беймәлім. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол істі жасау – әрбір адамның азаматтық парызы. Осы орайда жыл сайын дәстүрге айналған Алмалы ауданы Ш. Смаханұлы атындағы №62 гимназияның өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері, Р.Ушурова, Ш.Тышмановалардың ұйымдастыруымен «Жанұя» балалар үйіне гимназия оқушыларын ортақ мақсатты жүзеге асыру үшін арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Ондағы мақсат – балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу арқылы ұлттық құндылықтарды оқушы бойына қалыптастыру .

Жетім балаларға арналған бұл балалар үйінде 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді. Тәрбиеленушілерге түрлі тәттілер, жеміс-жидектер, ойыншықтар апарып, балалардың көңіл-күйін көтеруге тырысты. Олармен түрлі ойындар ойнап қана қоймай балалар тарапынан айтылған әндері де тыңдалды.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтарын   қалыптастырады.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада». Адамға нағыз бақытты – тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөздердің астарында үлкен мән жатыр. Олай болса, адам өмірінің мәні – өз ұрпағы.

Әл-Фарабидің «Тек бақытты адамдар ғана ізгі істер атқаруға қабілетті болады» деген ұлағатты сөзін ескеретін болсақ, қазақтың біртуар перзенті М. Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» деп айтқанындай, әрбір дүниеге келген бала тағдыры адам өмірінде маңызды болып қала береді.

  Рана УШУРОВА,

                             Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназиясы

                                                 Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі.

 

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close