Қайырымдылық – адамгершіліктің белгісі

Мемлекет басшысының балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасы барысында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын және мектеп жасындағы балаларды міндетті оқумен қамту жайлы басқалай нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес 2019 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы жарияланды.

Осы акция аясында әлеуметтік қорғалмаған отбасыдан шыққан оқушы­ларды қолдауға бағытталған іс-шаралар өткізілуде.

Акцияның басым міндеттері мектеп жасындағы балалардың оқуды тоқтатуға немесе олардың ұзақ уақыт сабаққа бармауына жағдай туғызған себептерді айқындау, дәлелсіз себептер бойынша сабаққа келмеудің алдын алу, сондай-ақ материалдық жағдайы төмен отбасыларда тұрып жатқан балалардың өмір сапасын жақсарту, жұртшылықты аз қамтылған және тұрмысы қолайсыз отбасыларға материалдақ көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметпен айналысуға тарту болып табылады.

Аталған іс-шараға Алатау ауданы №114 жалпы білім беретін мектеп ұжымы және ата-аналар түгелдей атсалысып, әлеуметтік жағдайы төмен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетіп, жан жүректерінің жылуымен бөлісуде.

Осындай игі істің бастамасын ауда­ны­мыздағы ЖК «Калина», жекелеген азаматтардан Д.Хусайнова, К.Алиева­ларға көрсеткен көмектеріне алғысы­мызды білдіреміз.

Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Болашағымыз бақытты болсын десек, бір-бірімізге қол­дан келер қамқорлығымызды, қайырым­ды­лығымыз­ды аямайық, сауабы мол игі іске атсалысу әрбір адамның азаматтық борышы.

 

А.ҚҰЛАНБЕКОВА,

Алатау ауданы  №114 мектептің әлеуметтік педагогі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *