«ҚАЙЫРЫМДЫ ХАЛЫҚ ЕДІК ҚОЙ, НЕГЕ ҚАТЫГЕЗ БОП КЕТТІК?»

«Алматы ақшамы» газетінің 2019 жылғы шілде айындағы мақалаларын фейсбук әлеуметтік желісінің қолданушылары талқылайды

Газетіміздің сайтында, сондай-ақ фейсбук беттерінде биылғы шілде айында мына мақалалар көбірек қаралыпты:

«Сөз құдіреті»– 311 рет оқылған, «Автобуста отырған қыз» – 318, «Волонтерлер біріксе, үлкен күшке айналады»– 333, «Абайды оқыған Вик­тория» – 343, «Маса кімді шағады?» атты материал – 361, «Неке куәлігі – біз үшін құнды құжат» – 362, «Халық талқысына салу керек» – 363, ақын Күләш Ахметованың «Күллі әлем көркемдіктен жаралған» атты жыр топтамасы– 364, «Қала әкімі экологиялық менеджментті жақсартуды тапсыр­ды»– 370, «Әрбір аулаға жарық берілуі тиіс» – 372 рет қаралған, шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевтың Алматы жұртшы­лығымен кез­десуін баяндаған «Жаңа аудандар тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеру – менің жеке бақылауымда» атты мақаланы – 378 адам оқыған, «Иттің өлімі» атты материалды – 383, «Өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету – біз үшін басты басымдық»– 384, «Денсаулық айлығы басталды» – 388, жазушы, аудармашы, марқұм Кеңес Юсуптың «Жүз жылдық жалғыздықты» екі жыл аудардым» деп аталған соңғы сұхбатын – 405, «Дон Жуан аспаннан түсті ме?» деген естелікті – 411, «Түрмеде орын жоқ» деген ойтүрткіні – 415, «Жаңа талап енгізілсе, жол апаты азаяды» – 426, «Итен Қарымсақұлы – Ақпарат саласының үздігі» – 429, «Автобус желілерін дамыту – өзекті мәселе»– 434, «Көктұмаға келіңіз!» деген мақаланы – 438, «Бұл әнді Зәурештей кім айта алады?» деп аталған, әнші, актриса Зәуреш Есбергенова туралы естелікті – 442, «Өз өнімің өзгеше» атты ойтүрткіні – 449, «Атаққа алданбаған Абдолла» атты мақаланы – 450, «Жүрек ауруы барлар ыстық күндері нені естен шығармағаны жөн?» деген ескертпені – 455, «Қала әкімі Құран бағыштады» деген ақпаратты – 457, «Ай тұтылған түн» атты әңгімені – 463, «Ролланның эсселерін» – 465,«Хабар-аға» атты мақаланы – 467, «Қар ба­рысы сақталуы қажет»– 472, «Жүрекпен жазылған жолдарды» – 478, «Әлеуметтің әлеуетін бірге көтерейік» деген материалды – 485, «Айтматов жатқан «қор­қы­нышты» бөлме» эссесін – 492, әйгілі грузин  актері Вахтанг Кикабидзенің «Бәтуаға келсек, Мәскеуге елден бұрын барып концерт беремін» деген сұхбатын – 505, «Ешкімге ұқсағысы келмейтін ақын» атты мақаланы – 514, «Әлеу­меттік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді» – 552, «Шетсіз қала» тұжырымдамасы нені көздейді?» атты сараптаманы – 553, «Дала өркениетін зерттеген дара тұлғаны» – 561, «Су симфониясын»– 569, «Үздік бизнес өкілдері анықталды» атты ақпаратты – 589, «Ойын автоматтары сені жеңбесе, өзі жеңілмейді» атты мақаланы – 600, «Бедеулік пен белсіздік ауруына шипа бар» деген жарияланымды – 610, «Шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті проблемалары талқыланады» деген мақаланы – 654, «Алматылықтардың көлік кептелісінен құтылуына аз қалды» деген мате­риалды – 681, Қырғызстанның халық жазушысы Сұлтан Раевтың «Белгілі болу бір бөлек те,  белгілі  болып қалу мүлдем басқа» деген сұхбатын – 682, «Рухани қылмыспен күрес басталғандай ма?» атты сараптаманы – 763,«Румынияның кешегісі мен бүгінгісін» – 821, «Ол Алматыны жақсы көрді» деген материалды – 874, «Мәскеудегі бокс мерекесін» – 876, «Қаладағы қазақы аула тынысын» – 921, «Тапсырма тамызға дейін тәмам болады» деген материалды – 930, «Ұлылар қайтып келу үшін кетеді» деген мақаланы – 941, «Түркия АҚШ-тың айтқанын тыңдамады» атты сараптаманы – 1 006, «Мұстай Кәрім: Қазақ пен башқұрт тарих атты ананың көзден тамған екі жасы секілді» атты мақаланы – 1 039, «Ата мен келін» деген материалды – 1 050, «Елорданың еңселі ескерт­кіштерін»– 1 089, «Қарлығашына дейін қамқор» атты мақаланы – 1 096, «Кішкентай елдің үлкен үміті…» атты саяси шолуды – 1 122, «Гонконг халқы неге бас көтерді?» деген сараптаманы – 1 126, «Грузия  мінез көрсетті» деген жарияланымды – 1 196, «Кешкі велошеруді» – 1 249, «Нұрсұлтан Назарбаев: Еуразияның қақ ортасында салынған жаңа астананың модернизациялық миссиясы мол» деген материалды – 1 252, «Таэквондо тізгіні сенімді қолда» атты мақаланы – 1 260, «Ұлы Дала айбары – «Нұр-Сұлтан!» атты жарияла­нымды – 1 300, «Мем­лекеттік қызметтегі басқару құрамын жаңарту туралы» шолуды – 1 319, «Қырымбек Көшербаев: Халық биліктен адал қызмет етуді талап етеді» атты материалды – 1 395 адам оқыған.

Ал ең көп оқырманның назарына іліккен, сөйтіп, ғаламтор жүйесін пайдаланатын жұрттың ыстық ықыласына бөленген шілде айының үздік үштігі мыналар: «Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекеттік бағдарламалар халқымыздың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталуы тиіс» атты материалды – 1 626 адам, «Нұрсұлтан шыңына шығады» деп аталған жарияланымды – 1 849 адам оқыған. Ал «Велошеру ел астанасы күніне арналады» атты мақаланы – 1 862 адам оқып, өз ойларын білдірген.

Пікірлердің бірсыпырасы төменде жарияланып отыр:

 

«Жүзжылдық жалғыздықты» екі  жыл  аудардым»

(«Алматы ақшамы», 2 шілде, 2019 жыл)

 

Шерубай Құрманбайұлы: Кеңес Юсуп аға керемет аудармашы, өте жақсы адам еді. Мем­терминком отырыстарында, тілге аудармаға арналған түрлі жиындарда жиі бас қосып, әң­гімелесіп тұратын едік. 2014 жылы Ұлттық Банкте аударма мәселелеріне арналған арнайы семинар ұйымдастырып, аудармашыларға дәріс оқуға Кеңес ағаны арнайы шақырдық. Еркін көсіліп, бірнеше сағат сөйледі. Жиынға қатысқан аудармашылардың бәрі риза болып қайтты. Ол кісі жаңа сөз жасауға, қазақтың ұмыт болған көне сөздерін тірілтіп, қайта қолданысқа енгізуге, термин жасамға ерекше мән беретін еді. Осы бір ғана «Жүзжылдық жалғыздық» романында: асыл затты (благородный), әдрият (монастырь), басар (фишка), батқы (шпора), батырғы (грузило), дә­рет­сауыт (горшок), етекше (юбка), жемпоз (чревоугодник), қайнатқы (реторт, кипятильник), қоразшы (петуховод), құдая (Дева Исцелитель­ница, богиня), құрсау-белдік (бандаж), мінә жатхана (часовня), мүкәмәл (имущество), тиектүйме (запонка), төрешек (шарғы), уазипалы (заслуженный), тәлімші (духовник), сымбал (кофра) және т.б. көптеген атауларды қолданған. Осы сөздердің басым көпшілігін өзі жасаған, кейбіреулерін тілдің қатпарларынан тапқан, сөз қадірін білетін қаламгер әріптестерінен алған. Алаудармашылық шеберлігі, тіл байлығы – өз алдына бөлек әңгіменің арқауы.

Orazalі Baіmurat: Бұл романның қазақшасын оқығанмын. Өте жақсы аударылған!

Бану Дәулетбаева: Бұ кісі сұрапыл еді ғой. Бірақ кейде о кісінің өзімен келіспей қалатын кездер де боп тұрады.

 

«Ешкімге ұқсағысы

келмейтін ақын»

(«Алматы ақшамы», 4 шілде, 2019 жыл)

 

Ғазиза Әбілда: Елағамды (Елубай Әуезовті) ертеректен білеміз. Әнге айналған өлеңдерін әлі күнге шырқап жүрміз. Түпсанадан тінін тапқан туындылары керемет! Екі дүние арасындағы тылсым байланысты түбірінен тарқатады. «Түпсана жаңғырығы» – ойланып барып оқитын емес, оқып барып ойланатын кітап!

Зира Наурызбаева: Таласбек ағаларыңның 90-жылдары шәй үстінде: «Таптым! «Подсознание» ұғымның баламасын таптым! Түпсана!», – деп айғай салғаны бар… Сол сөз бүгінде терминге айналды.

 

«Қарлығашына дейін қамқор»

(«Алматы ақшамы», 16 шілде, 2019 жыл)

 

Laura Tastanbek: Газетті қолға ұстап отырып оқыдым: керемет ой саларлық мақала!

Ерғазы Мүсілім: «Жапонның Мацуяма шаһа­рындағы Lawson дүкенінің қызметкеріне полицей келіп дүкен атауындағы бастапқы әріптің жарығын өшіртіп тастайды. Не үшін деңізші? Қарлығаштың балапандарының көзіне жарық түспей, ұйқысы бұзылмас үшін…». Апыр-ай, осындай ізгілік, осындай мейірімділік біздің елде де болуы мүмкін бе? Қазақ та қайырымды халық еді ғой, неге қаты­гез боп кеттік? Біздің полициядан ғана емес, қарапайым адамдардан да осындай жақсы мінез, жақсы қылық көрмегелі қай заман…

Нұрғали Жарқынұлы:«Біздің полицейлер не істеп жүр? Осындай деңгейге қашан жетер екенбіз? Полицейді «дұшпан» емес, дос деп қабылдайтын күн қашан туар екен?! Әлде олардың өмірі көшеде кісі қуалаумен өте бере ме?». Нағыз менің көкейімдегі сөздер! Авторға рақмет!

 

«Жүрекпен жазылған жолдар»

(«Алматы ақшамы», 16 шілде, 2019 жыл)

 

Nurlan Alzhan: Мақала қатты ұнады. Жалпы, Нұржамал Әлішеваның қай дүниесінен де жүрекпен жазылғаны көрініп тұрады.

Гүлжан Асан: Балалық шағымды, ауылдағы өмірімді есіме еріксіз түсірген мақала авторына разымын. Біз де солай иінағашпен су тасушы едік. Үлкендердің алдында көлбеңдей беруден ұялатынбыз. Шалбар киюге қысылатынбыз. Қас-қабағымен-ақ тәрбие берген қайран әке-шеше, қайран ағаларым-ай…

Бейсен Тәжібаев: Шынайы және өте жылы ой салатын дүниелер екен. Керемет!

Біржан Болысбек: Шынымен-ақ бұрынғы журналистикада шынайылық па, тазалық па, әйтеуір бір тартымдылық бар еді. Қазір бәрі де ештеңеге былқ етпейтін қатаң тәсіл тауып алғандай: тақ-тұқ, ешқандай сезім жоқ…

 

«Ата мен келін»

(«Алматы ақшамы», 20 шілде, 2019 жыл)

 

Нұрсұлу Тұрсынбай: Шынайы сырласу, әдемі әңгіме болыпты. Қадыр ақынның өмірдегі, үйдегі аталық, ақсақалдық қалпын, болмысын таны­ғандай болдым. Көп рақмет!

Қарлығаш Молдиярқызы: Қадыр Мырза Әлі секілді ұлы адамның келіні болу да бір бақыт шығар. Қара шаңырақтан қасиет кетпесін!

Асхат Айтбайұлы: Жылылыққа толы мақала екен, отбасылық құндылықтарымызды қастер­лейік осылай!

 

«Хабар-аға»

(«Алматы ақшамы», 23 шілде, 2019 жыл)

 

Гүлжан Ыбырайқызы: Тілеуқабыл Мыңжасар­ұлы – бала кезімізден теледидардан есіміне қанық болып өскен аға ғой!

Aysulu Rustemova: Бұл кісіні телевизиядағы тұтас бір дәуір десе болады.

Маңдайлы Қосымбай: АБИТУРИЕНТ – 1970! Сол кезде-ақ болатын бала екені белгілі болған! Нағыз азамат! Мың жасасын!

Zhazіra Elshіbaeva: Көрген жерде біз секілді соңынан ерген іні-қарындастарына ақылын айтып, лебізін ақтарып жүретін ақ жүрек Аға аман болсын!

Ғазиза Әбілда: Бала кезден бұл кісінің есіміне қанықпыз. Мықты журналист! Абырой биігінен түспесін!

 

Топтаманы әзірлеген – Сәкен СЫБАНБАЙ.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *