Қайыршылық кімдерге рұқсат етілген?

Пайғамбарымыз (с.а.с) Абдулла бин Аббасқа (Оған Алла разы болсын): «…Сұрар болсаң тек Алладан сұра. Ал жәрдем қаласаң, тек Алладан жәрдем тіле», – деп өсиет еткен.

Ал қайыршылықпен айналысудың жамандығы жайлы Әбу һурайра (Оған Алла разы болсын): «Кімде-кім байып кету үшін адамдардан қайыр тілейтін болса, оның сұрағаны – оттың шоғы. Қаласа аз алсын, қаласа көп алсын»  деген хадисті риуаят еткен.

Үш жағдайда қайыр тілеуге болады: 1. Су тасқыны, өрт, құрғақшылық және т.б. табиғи апаттар салдарынан мал-дүниесінен айырылған адам: 2.Сіңірі шыққан кедей. Жоқшылыққа тап болғаны көрші-қолаңына белгілі адам;

  1. Адамдардың арасын татуластыру үшін берілетін мал-мүлікті тасушы. Бұдан басқаларға қайыр сұрау – харам етілген. Пайғамбарымыз (с.а.с) жоғарыда аталған үш адамнан басқаларының қайыр сұрап, мал табуы – харам жеуші адам деген.

Бүгінгі дұға:  

Я, Алла! Маған қолым­нан келетін істі атқаратын қуат бер, қолымнан кел­мейтін іске ұмтылмайтын ерлік бер, осы екеуін бір-бірінен айыра алатын ақыл бер!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *