АЙТУЛЫ КҮНГЕ АРНАЛДЫ

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқу театрында  Тұңғыш  Президент күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Рая ЕСКЕНДІР

Салтанатты кешті Біріккен Араб Әмірліктері Халықаралық мәдени дипло­матия институтының төрағасы Мухаммед Камиль Али Муейни бастаған делегация құрамы,Академияның ұстаздары мен студенттері, зиялы қауым өкілдері тамаша­лады.Осы сапар барысында араб елінің  мәдениет саласы өкілдері Академиямен мәдени байланысты кеңейтуге арнайы келген болатын.

Жиналған қауымды Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров құттықтап, өзінің жүрекжарды тілегін білдірді. Өз сөзінде «Мемлекет басшысы­ның елімізді аяғынан тік тұрғызып, елімізді әлемге танытудағы еңбегі ұшан-теңіз. Әсіресе, қазақ елінің мәдениеті мен өнері өркениетті мемлекеттердің қатарында әлемге әйгілі болғанын зор мақтанышпен айта аламыз. Қазіргі таңда кең байтақ елімізде  атқарылып жатқан игі істер тәуелсіз Қазақстанды бұдан да биік шыңдарға көтере бермек», – деп айрықша атап өтті.

Сондай-ақ, кеш соңында Академия басшылығы мен араб елінің мәдениет өкілдері екіжақты мәдени байланыстың ынтымақтастық бағыттары жөнінде пікір алмасты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close