Қайтпас жігер мен қайсар мінез нәтижесі

Мегаполис басшысы Қанат Исламды жеңісімен құттықтады

Кәсіпқой бокста жақсы өнер көрсетіп, бірінші орта салмақтағы WBO Іnternatіonal белбеуінің иегері атанған қандасымыз Қанат Ислам елдің спорттық астанасы Алматыда бокс кешін өткізіп, намибиялық боксшы Уолтер Каутандаквамен кездесуге рингке шықты. 26 қазан күні «Almaty Arena» кешенінде өткен 10 раундтық жекпе-жек Қанат Исламның жеңісімен аяқталды.

Он мыңдаған жанкүйер тамашалаған кәсіпқой бокс мерекесінің куәсі болған Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Қанат Исламды жеңісімен құттықтады.

«Қанат бірінші орта салмақтағы WBO Іnternatіonal чемпиондық белбеуі үшін намибиялық боксшы Уолтер Каутандаквамен жұдырықтасты. Оңайға соқпаған он раундтық жекпе-жекте жанкүйерлердің толқынысы басым болды. Бірақ Қанат жеңіске деген жігері мен қайтпас мінезін көрсете білді. 27-ші жеңіс құтты болсын, чемпион!», – деп жазыпты Іnstagram парақшасында шаһар басшысы Б.Сағынтаев.

Алматы қаласының әкімімен бірге Қанат батырды алматылықтар да жеңісімен құттықтауда.

Нұр-Қайыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *