ҚАЙТА ӨҢДЕУДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРГЕ СҮЙЕНСЕК

Қазақстан астанасында сарапшылар пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу мәселелерін талқылады

Бүгінгі күннің өзекті мәсе­лелерінің бірі күресінге кеткен тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу. Әсіресе, табиғи емес, хи­миялық, яғни сол табиғи ортада қайта бұзылып, ыдырамайтын заттар. Мы­салы, полиэтилен пакеттер мен пластмассадан жасалған бұйымдар, яғни химиялық жолмен жасалған заттар. Егер ағаш, қағаз, т.б. орга­никалық заттар, тіпті темір­дің өзі де уақыт өте шіріп, басқа затқа айналса, химия­лық жолмен келген поли­этилен, пластмасса, басқа да зиянды заттар (телефон батареясы, люминация лам­палар, түрлі химиялық қосындылар) табиғи ортада ыдырамай, 500 жылдан астам уақыт жата береді екен. Бұған олардың әке­летін экологиялық қиыншы­лықтарын қосыңыз.

Нұрлан СҮЙІН

Мемлекеттің тәуелсіздігі мен өркениетті даму көріністерінің бірі оның техноло­гиялық алға жылжуы мен экологиялық мәдениеті.  Яғни өз халқының денсаулығы мен экологиялық таза өнім тұтынуы және қоршаған орта, табиғатты таза ұстауда алдыңғы қатарлы технологияларды пай­далану. Әлемде осы қағиданы ұстанған өркениетті елдер баршылық. Бүгінгі таңда біздің елге де осы бағытқа бет бұру қажеттігі туындап тұр.

2019 жылғы 5 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстанда пластик қалдық­тарын жинау және қайта өңдеу: халық­аралық тәжірибені ескере отырып, оларды шешу проблемалары мен перспективалары» тақырыбында   дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы «Тұрақты дамуға жәрдемдесу» орталығы» қоғамдық қоры. Жиын  «The Coca-Cola Foundatіon» халық­аралық қорының қолдауымен іске асыры­латын «Пластикті қайта өңдеуге «Иә!» де» жобасы аясында өткізілді.

Пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу проблемалары мен оларды шешу жолдарын  талқылауға Экология, гео­логия және табиғи ресурстар министр­лігінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Оператор РОП» ЖШС, жергілікті атқарушы органдардың, үкімет­тік емес ұйымдардың, қалдықтарды жи­науға және өңдеуге мамандандырылған компаниялардың өкілдері қатысты.  Іс-ша­раға қатысу үшін Қазақстан астанасына  Түркия мен Румынияның халықаралық сарапшылары келді.

Пластикпен ластану бүгінгі таңда ең өзекті экологиялық проблемалардың бірі болып табылады. БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (UNEP) баяндамасында жарияланған мәліметтерге сәйкес, жыл сайын әлемде 500 млрд. пластик пакет пайдаланылады, әр минут сайын әлемде 1 млн. пластикалық бөтелке сатылады және сатып алынады, олардың өндірісіне 17 млн. баррель немесе жылына 2,7 млрд. литр мұнай кетеді. Қазақстанда 2018 жылы 4,3 млн. тоннадан астам ҚТҚ құрылды. ҚТҚ морфологиялық құрамы­ның орташа көрсеткіштері бойынша полимерлер (пластмасса) ҚТҚ жалпы ағымында 11,2% құрайды, бұл 2018 жылы 481,6 мың тонна пластикалық қалдық­тарды құрады. «Оператор РОП» ЖШС мәліметтері бойынша пластмасса қаптама құру үлесі 2016 жылы 283 387 тоннаны құрады, бұл ретте оны қайта өңдеу көлемі 2017 жылы 6 066 тоннаны (шамамен 2%),  2017 жылы 8 994 тоннаны (шамамен 3%) құрады.

Әлемдік тәжірибеде бар тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесінің тақырыбын  «Coca-Cola» компаниясының Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі кор­поративтік байланыстар жөніндегі менед­жері Александра Аккирман жалғастырды.

– Біздің компания өзіне бірнеше әлем­дік танымал тауар өндірушілермен бірге 2030 жылға дейін  әлемдік нарыққа шыға­ратын барлық қаптаманың эквива­лентін жинауға және қайта өңдеуге ықпал ету мін­детін алды. Бүгінгі таңда әлемде қап­таманың 56%-ы  жиналады, қайта өңделеді. Бұл жұмыстар  көбіне Еуропа елдерінде және Жапония, ОАР, Мексика сияқты басқа өңірлердің жеке алынған елдерінде жоғары дамыған жинау және қайта өңдеу жүйелерінің есебінен жасалады. Мұндай жүйелердің даму дәрежесі әдетте қаптама қалдықтарымен проблемаларды шешу үшін мемлекетпен және индустриямен беріліп отырған экономикалық әл-ауқат пен күш-жігердің деңгейімен байланысты болады. Табысты жұмыс істейтін жүйелердің бірнеше негізгі критерийлері бар. Қаптама қалдықтары үшін жауапкершілік толығы­мен қаптама және қаптамадағы өнімді өндірушіге жүктелуі тиіс. Бұл қаптамалық қоқысты жинауды және қайта өңдеуді өндірушілердің өздері жеке немесе салалық қауымдастық арқылы ұйымдастырулары қажет. Мемлекет тарапынан барлық тараптардың міндеттемелері мен өкілеттігі жазылған нақты реттеу болуы тиіс. Бұл ретте елде реттеушілік деңгейде қоқысты бөлек жинауды қамтамасыз етудің болуы өте маңызды. Егер бұл барлық азаматтар үшін міндетті болмаса, онда жүйе жұмыс істемейді, – дейді «Coca-Cola»  өкілі.

Ірі бизнес пластикті қайта өңдеу мәсе­лесін шешуге қосқан үлесі туралы айта келе, Александра Аккирман The Coca-Cola Foundatіon қайырымдылық қоры «Пластикті қайта өңдеуге «Иә!» де» жоба­сын қолдағанын еске салды. Жобаның жүзеге асырылуы осы жылдың жазында басталды.

Жобаның мақсаты – пластик қалдық­тарын жинау және оларды қайта өңдеу үлесін  ұлғайту. Жоба пластикалық қал­дық­тарды жинау және қайта өңдеу желісін дамытуға, жұртшылықты қалдықтарды жинау және қайта өңдеу жүйесі туралы ақпараттандыруға, пластикалық қалдық­тарды жинау және қайта өңдеуге беру бойынша тұтынушыларға қойылатын талап­тарға қатысты ҚР заңнамасын жетіл­діру бойынша ұсыныстар әзірлеуге, сондай-ақ осы талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілікті күшейтуге ықпал етеді.

Оның кейбір нәтижелері туралы «Тұ­рақты дамуға жәрдемдесу» орталығының» жобалар жөніндегі менеджері   Юлия Душ­кина айтып берді: – Бүгінгі таңда жоба аясында пластик қалдықтарымен жұмыс істеу саласына талдау жүргізілді. Қазақ­станның әр түрлі аймақтарында жұмыс істейтін 69 жинаушы компания және 15 плас­тикті қайта өңдеуші компания анық­талды. Біз Алматы, Шымкент, Тараз, Павлодар, Семей, Өскемен қалаларында орталықтары бар елдің оңтүстік және шығыс бөлігін қамтитын PlastNet плас­тиктерді жинау және қайта  өңдеу жөнін­дегі белсенді желіге қалдықтарды құрайтын мамандандырылған компанияларды, ұйым­дарды тарту жөніндегі жұмысты жүр­гіземіз. Жоба барысында пластик қалдық­тарын жинаушылармен және қайта өңдеу­шілермен кеңес беру кездесулері өткізіледі, олардың барысында жинау мен қайта өң­деуді дамытуға кедергі келтіретін пробле­малар анықталады. Компанияның негізгі проблемаларының қатарында жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл деңгейінің төмендігі, инфрақұрылымның (контейнерлер, баспасөз) дамуының жет­кіліксіздігі, сондай-ақ, халықты ақпарат­тандыру мен тартудың төмен деңгейі аталды, –  дейді Ю.Душкина.

Дөңгелек үстел аясында пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу үлесін ұлғайту жолдары мен мүмкіндіктері туралы панельдік пікірталас өтті. Аталған мәселе бойынша мүдделі тараптардың өкілдері – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Мемле­кеттік саясат және қалдықтарды басқару департаментінің, «Оператор РОП» ЖШС-нің, пластикалық немесе пластиктен өнім шығаратын үкіметтік емес ұйымдар мен бизнестің, сондай-ақ пластикті жинау және қайта өңдеу компанияларының өкілдері өз пікірлерін ортаға салды.

Мәселені шешудің мүмкін жолдары­ның қатарында бірреттік өнімді пайда­лануға тыйым салу, қаптама дизайнын жақсарту, Қазақстанда өндірушінің кеңей­тілген міндеттемелері жүйесін жетілдіру бар. Көптеген елдер осы жолмен жүріп келеді. 2018 жылы 127 елде пластиктен бір реттік өнімді пайдалануды шектеді, ал 30 мем­лекетте пластикалық пакеттер үшін төлем енгізілді, ал 27 елде қоршаған орта үшін кейбір зиянды материалдарды пайдалануға тыйым салынды. 2019 жылдың қыркүйе­гінде ҚР Экология министрлігі бөлшек сауда желілері алдымен пластикалық пакеттерді ақылы етіп, ал 2025 жылға қарай оларды пайдаланудан толық бас тартуы тиіс деген жоспарды ұсынды.

Жиында «Рoіnt PA» қоғамдық ұйымы­ның өкілі Мугурел Радулеску Румыния мен Орталық және Шығыс Еуропаның басқа да елдерінде қаптама өндірушілер үшін кеңейтілген жауапкершілікті енгізу тә­жірибесімен бөлісті.

Иә, табиғи өнім тұтыну мен қайта өңдеу саласын қалыптастыру  бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Әсіресе, кешегі күнге дейін  тұмса табиғаты бұзылмаған, тәуелсіздігіне санаулы жылдар ғана болған, бүгінде өр­ке­ниетке ұмтылған Қазақстандай мемлекет үшін. Десе де, жиырма бірінші ғасырда адамзаттың алдында ғылымның жетіс­тіктерін, жоғарғы технологияны пайдалану міндеті тұр. Қазақстанға да осы жолда әлем­нің алдыңғы қатарлы, өркениетті мем­лекеттерінің қатарында көрінуі қажет.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *