Қайраттың «Халық қаһарманы» белгісі Алматы мұражайына тапсырылды

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбан­дарын еске алу күні 1986 жылғы желтоқ­сан көтері­лісіне қатысқан Қайрат Рысқұлбе­ковтің «Халық Қаһарманы» атағының белгісі Алматы мұражайына тапсырылды.  Мұражай қорындағы құнды жәдігерге айналған бұл белгіні оның бауыры Талғат Рысқұлбеков тапсырды. 

Қайрат Рысқұлбеков ең жоғары ауыр үкім – өлім жазасына кесілген болатын. Алайда, кейіннен бұл үкім жиырма жыл бас бостанды­ғынан айыруға ауыстырылған болатын. Семейдегі түрмеде жазасын өтеуге кетіп бара жатқан жолда қаза тапқан ол 1992 жылы қайтыс болған соң ақталған. 1996 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығымен оған «Халық Қаһарманы» (Халық Батыры) атағы берілді.

Еске салсақ, Саяси қуғын-сүргін және ашаршы­лық құрбандарын еске алу күні Алматыда 1931–1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған қоғам қайраткерлері, репрессия мен ашаршылық құрбандарының ұрпақтары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және қала жастары қатысты.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *