«Қайрат» чемпион ба?

Футолдан Қазақстан чемпионатының кезекті турында Алматының «Қайраты» турнир кестесіндегі өзінің көшбасшылық жағдайын одан әрі жақсарта түсті.

«Қайрат» өз алаңында былтырғы чемпион – «Ақтөбені» 2:0 есебімен ұтты. Голдардың авторлары – Исаэл (21-минут) және Бауыржан Исламхан (53). Бұл жеңістен соң, алматылықтардың еншісінде 33 ұпай бар. Екінші орында 27 ұпаймен «Астана» тұр (ол «Қайсармен» тең түсті – 1:1). «Ақтөбе» 24 ұпаймен үшінші тұғырға жайғасқан. Бұл екі команданың бір ойыны кем болғанымен, мамандар да, жанкүйерлер де енді олар «Қайраттың» бірінші орнын тартып алуға қауқарсыз деп есептейді.

Турдың басқа ойындарының нәтижелері мынадай: «Ертіс» – «Тараз» – 0:0, «Жетісу» – «Тобыл» – 0:0, «Атырау» – «Спартак» – 1:1, «Шахтер» – «Ордабасы» – 2:3.

Келесі тур 3-4 қазан күндері өтеді. «Қайрат» 4-і күні Қарағандыда «Шахтермен» ойнайды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *