«ҚАЙРАТ» БIРIНШI ОРЫНҒА ШЫҚТЫ

2Футболдан Қазақстан чемпионатының 21-турында Атырауда жергiлiктi командамен тең түскен (есеп 0:0) «Қайрат» ұпай саны бойынша көшбасындағы «Ақтөбемен» қатарласты. Екеуiнде де – 41 ұпайдан бар. Бiрақ, алматылықтардың доп айырмасы әлдеқайда тәуiр. Сөйтiп, ендi «Қайрат» көш бастады.

Бiр есептен, бұған «Ақтөбенiң» сәтсiздiгi де септiгiн тигiздi. Еуропа лигасында Эстонияның адам бiлмейтiн «Ныммэ Калью» атты командасынан ұтылып, жарыс жолынан шығып қалғалы ақтөбелiк клуб әлi ес жия алмай келедi. Кеше де өз алаңында топ соңындағы қарағандылық «Шахтердан» ұтылып қалды. Осыдан бiр ай бұрын көшбасшы «Қайраттан» 7-8 ұпай алда келе жатқан едi, ендi оны алматылықтар ғана емес, «Астана» да қуып жетуге таяу. 21-турдың толық нәтижелерi мынадай:

«Ақтөбе» – «Шахтер» – 0:1, «Атырау» –«Қайрат» – 0:0, «Тараз» – «Ертiс» – 0:0,

«Астана» – «Жетiсу» – 2:1, «Ордабасы» –«Оқжетпес» – 2:1, «Қайсар» – «Тобыл» – 0:1.

Керiсiнше, «Қайрат» екi айдан астам уақыттан берi ұтылмай келе жатыр. Бас бапкер Владимир Вайсстың шәкiрттерi осы уақыт iшiнде 10 рет жеңiп, 2 рет тең ойнады (доп айырмасы 26:4). Жерлестерiмiз жеңiстi жолын бұдан әрi де жалғастырар деген үмiтiмiз бар. 23 шiлде күнi «Қайрат» Арменияда жергiлiктi «Алашкертпен»

Еуропа лигасы екiншi iрiктеу кезеңiнiң қарымта матчын өткiзедi. Алғашқы ойында алматылықтар 3:0 есебiмен жеңiске жеткен болатын.

Айтпақшы, 17 шiлде күнi Ньонда (Швейцария) еурокубоктардың үшiншi iрiктеу кезеңiнiң жеребесi тартылды. Егер «Қайрат» үшiншi кезеңге өтсе (өз алаңымыздағы iрi жеңiстен кейiн бұған сенiмiмiз зор), онда оның қарсыласы «Риека» (Хорватия) – «Абердин» (Шотландия) жұбының жеңiмпазы болмақ.

Хорват жерiнде өткен бiрiншi ойында қонақтардың 3:0 есебiмен айқын басым түскенiн ескерсек, Алатау баурайындағы әсем шаһарымызға ендi шотландиялық команда келедi деп күтуге болатын секiлдi. Бiрiншi ойын 30 шiлдеде Алматыда өтедi, ал қарымта кездесу 6 тамызда ойналады.

Бүгiн Чемпиондар лигасы екiншi iрiктеу кезеңiнiң қарымта матчтары өтедi. «Астана» өз алаңында Словенияның «Марибор» командасын қабылдайды. Mткен аптадағы бiрiншi ойын словен клубының жеңiсiмен (1:0) аяқталған едi. Егер астаналықтар екi кездесу қорытындысы бойынша қарсыласынан басым түсiп, келесi сатыға шыға алса, онда олардың үшiншi кезеңдегi қарсыласы «Вентспилс» (Латвия) – «ХИК» (Финляндия) жұбының жеңiмпазы болады.

С.ӘБДIҒАППАРҰЛЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *