«Қайрат» Қарағандыда ұтылды

Сенбі-жексенбі күндері футболдан Қазақстан чемпио­натының 20-тур ойындары өтті. Алматының «Қайраты» сырт алаңда «Шахтерден» жеңілді – 0:1 (жалғыз голды 21-минутта Михрет Топчагич соқты).

Осы сәтсіздіктен соң «қайраттықтар» турнир кестесінде 2-орынға түсіп қалды (36 ұпай). Топ басына қайтадан «Ақтө­бе» көтерілді (39 ұпай). Ел чемпионы өз алаңында «Тобыл­дан» басым түскен-ді (есеп 3:1). Басқа ойындардың нәтижесі мынадай: «Атырау» – «Қайсар» – 1:3, «Спартак» – «Астана» – 1:1, «Жетісу» – «Ордабасы» – 0:1, «Тараз» – «Ертіс» – 5:1.

17 шілде күні «Қайрат» Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчын Алматыда ойнайды. Қарсылас – «Эсбьерг» (Дания). Ойын Орталық стадионда кешкі сағат 20.00-де басталады. Командамызға қолдау көрсетейік, алматылықтар!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *