«Қайратқа» не болды?

487Кешегі сенбіде футболдан Қазақстан чемпионатының үшінші туры өтті. «Қайрат» тағы да ұтылды: бұл жолы өз алаңында – «Ордабасыдан» (0:1).«Тағы да» дейтін себебіміз – алма­тылықтар биылғы чемпионаттың барлық ойынында да жеңілістің ащы дәмін татып келеді. Алдымен «Атыраудан» ұтылды, сосын «Жетісудан» жеңілді, енді, міне, өзі секілді әуелгі екі турда да еңсе көтере алмаған шымкенттік командаға шамасы келмеді. Былтыр күзде ғана қола жүлдеге қол жеткізіп, жанкүйерлерін риза еткен командаға биыл не болғаны түсініксіз. Бас бапкер – ұжымды өткен жылғы үшінші тұғырға қондырған словак маманы Владимир Вайсс, команда құрамы да аса өзгере қойған жоқ, қыстыгүні барлық жағдайы жасалған клуб Түркияда бірнеше оқу-жаттығу жиынын өткізіп, біріншілікке тыңғылықты әзірленіп келді. Демек, былай қарағанда, доданы сәтсіз бастауға ешқан­дай негіз де, себеп те жоқ сияқты.

Жанкүйер қауымды, әсіресе, команданың алғы шебінің азусыздығы алаңдатып отыр. Бұл түсінікті де, өйткені, «Қайрат» шабуылшылары үш ойында әлі бірде-бір гол соққан жоқ. Команданың былтырғы мерген­дерінің бірі Момоду Сиссей мен ойынға тыңнан қосы­лып-ақ талай нәрсені тындырудың шебері Йосип Кне­жевич әлі сапта жүр, Самат Сымақов, Жамбыл Көкеев сынды шеберлер де бар, оларға Бауыржан Исламхан, Шерхан Бауыржан секілді жас таланттар қосылып отыр, бірақ, команда әлі гол соға алар емес!

Алдағы турда, 5 сәуір күні «Қайрат» Қызылордада қонақ болады. Жоғарыдағы сұрақтарға, бәлкім, сол «Қайсармен» ойыннан соң жауап табылатын шығар.

Ал үшінші турдың қалған кездесулері былай аяқ­талды: «Ертіс» – «Атырау» – 0:1, «Тобыл» – «Жетісу» – 0:2, «Тараз» – «Шахтер» – 1:5, «Ақтөбе» – «Спартак» – 3:0, «Астана» – «Қайсар» – 1:0. 7 ұпайдан жинаған «Ақтөбе», «Атырау», «Астана» және «Шахтер» көш бастап келеді. Ал «Қайратта» әлі ұпай жоқ…

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *