ҚАЙРАН, ЖАСТЫҚ!

Нұржамал ӘЛІШЕВА

АВТОБУСЫМ келді. №65.  Жұмысқа жеткенше ұзақтау жүремін. Сондықтан отыратын орын іздедім.

Отыздан асқан жігіт пен қыз қатар отыр екен. Шашы бұйра қыз терезеге бетін бұрды, ал жып-жылтыр басына (әлде шекесіне) қап-қара көзілдірігін іліп қойған, көзінің шарасы үлкен жігіт маған қарады. Жүзі суық екен. Бірақ отыра берді.

Ұзақ жүрдік. Қыз түсуге ыңғайланды. Дүйім елдің көзінше екеуі еріндерімен сүйісіп қоштасты. Жігіт оны автобус терезесінен де ұзатып салды.

Сәлден соң шырттай киінген, қап-қара киімдеріне алаудай қызыл кроссовкиі әдемі үйлесіп, түсіп бара жатқан, сұлулығы ішіне емес, сыртына ғана біткен жігітті мен де терезеден ұзатып салдым.

Таңғы жаңбыр сіркіреп тұр. Күн бұлтты. Денем тоңазыды. Ертең жылылау киініп шығу керек екен. Күз ызғары бар. Әлгіндей адамдар да ызғарлы…

***

Автобуста отырған, наушник таққан жігіт әр аялдамадан кірген адамдарға көзіне түскен кекілінің астынан ұрлана қарап-қарап қояды. Үлкен кісі келе жатса, көзін тарс жұма салады.

Алда құдай-ай деш (деуші еді мұндайда баяғының апалары, аяғандары ғой)! Мен де әлгі баланы аяп кеттім. Емін-еркін отырып мөзикәсын да тыңдай алмады, иә ұйықтай алмады «алаңдаумен». Одан да тұрып тұрса болар ма еді, отыратын күнге де жетер әлі асықпаса.

Жастық деген ғажап қой! Оған сергектік, кішіпейілділік, иман-иба жарасады!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *