АЙНАЛАМЫЗДА ЖАҚСЫ АДАМДАР КӨП

Жаз әдеттегідей бізді жақсылықтарымен қарсы алды. Дәлірек айтсақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға, олардың отбасына үнемі қолдау көрсетіп жүретін қайырымды адамдар тағы да демеу бола білді. Осындай алтын жүректі азаматтардың арқасында құлағы естімейтін ата-аналардың балалары күні кеше өткен 1 маусым – Балаларды қорғау күнінде қала саябақтарында тегін ойнап, қыдырып, Қуыршақ театрына, Орталық циркке барды. Қасиетті Ораза айында Түрксіб ауданындағы «Ынтымақ-1» мешітінің бас имамы Осман Бахаудинұлы Ибрагимов ауыз бекіткен құлағының мүкісі бар адамдар мен аудан мүгедектерін ауызашарға шақырды.

Түрксіб ауданындағы мүгедектер қоға­мының басшысы Кенже Құдайбер­генұлы сынды өз ісіне берілген, елгезек жанның ұйымдастыруымен аудан мүгедектері, көпбалалы аналар өздерінің мұң-мұқта­жын қозғайтын түрлі тақырыптағы «дөң­гелек үстел» басындағы жиындарға қаты­сып отырады. Аудан әкімінің мүгедектер ісі жөніндегі кеңесшісі Богдан Джепко мүм­кіндігі шектеулі жандармен тікелей байла­ныса, жүздесе жүріп, талай  қорда­ланған мәселелердің оң шешілуіне мұрындық болуда. Әрине, бұл олардың негізгі міндеті дегенмен, атқамінер азамат­тарымыздың әрқашан жанымыздан табылып, сөзімізді жүре тыңдамай, кісілік көрсете білетін­діктерін айтпай кетуге болмас.

Жалпы, Түрксіб ауданында қайырымды кәсіпкерлер аз емес.  «Алазани» кафесінің қожасы (есімі Руфат болуы керек) мен  «Роза» кафесінің иесі Роза Қасенова біз секілді мүмкіндігі шектеулі жандарға мере­келерде дастархан жаяды, жылы-жұмсағын ұсынады. Бұл жерде мәселе ас ішіп, аяқ босатқанда емес. Өмірдің түрлі жағдайымен мүгедектік қамытын киген қамкөңіл жан­дардың бір дастархан басында қосылып, бір-бірімен шүйіркелесіп, әзілдесіп, сырла­сып, демалып қайтқанына не жетсін! Бауыр­жан Қалиев атты волонтер азамат арқылы демеушілік жасаған «Форт верный» ұжымына, елгезек Алинаға да мың алғыс!

Айналамызда жақсы адамдардың көп екендігі қандай жақсы!

Ардақ ӘБІКЕН,

«Алатау» дәстүрлі өнер театрына қарасты Зағип және есту мүмкіндігі шектеулі жандар мәдениетін қалыптастыру бөлімінің әдіскері.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *