Айфонның өкіл әкесі Стив Джобстың өзі балаларына айфонды пайдалануға тыйым салыпты.

2140* Ресей президенті тура 20 жыл өткен соң шешендерді әскерге алуға жарлық берді

* Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Шерхан оқулары» өтті. Шындыққа біртабан жақындағыңыз келсе, мұндай оқулардың жиі өткені абзал.

* Киевте жазушы Е.Гришковецтің кітаптарын өртеп жатқан көрінеді.

* Жанна Фриске Қытайдан отбасына оралды.

* Соңғы бес жылдан кейін тұңғыш рет ресейліктердің жалақысы төмендеп кетіпті.

* Ресейде М.Шолохов қоры жазушының келер жылы өтетін 110 жылдығына дайындықты бастап кетті. Қазірдің өзінде оның бұрын еш жерде жарияланбаған жүздеген хаттары табылып отыр.

* Ресей президенті тура 20 жыл өткен соң шешендерді әскерге алуға жарлық берді.

* Жохар Дудаевтың кіші ұлы істі болып, қамауға алынды.

* Мемлекет қаржысын басқа мақсатқа жұмсаған Жапония премьер-министрі отставкаға кетті.

* Диего Марадонаның есімі Италияның футбол даңқы залына енді.

* Ұлттық консерваторияда атақты күйші Қошқарбек Тасбергеновті еске алды.

* Парижде осы айдың соңы мен келесі айдың үшіне дейін Астана күндері өтеді.

* Жол қозғалысы туралы жаңа заңға орай, 2014 жылдың 20 қазанынан бастап алпыс бес жасқа жеткен көлік жүргізушілер әр екі жыл сайын медициналық тексеруден өтпекші.

* Жапонияда таяу уақытта роботтар кейбір кеңсе қызметкерлерінің орнын ауыстыруы мүмкін.

* Түркі халықтарына арналған телеарна ашылу алдында.

* Ақтау шенеуніктері мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтерлер бөлген комиссияның хаттамасын жоғалтып алыпты. Мұндай да болады екен.

* Алматыда Азиаданың ұйымдастыру комитетінің бұрынғы басшысы 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды.

* Шымкент шаһары өзінің 2200 жылдығын ЮНЕСКО деңгейінде тойламақшы. Алматы мыңжылдығын қашан тойлар екен?!

* Бүгінде 74 жасқа толған әйгілі Гойко Митич өзінің 50 жылдан бері үндіс аталатынын мақтан ететін көрінеді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *