«Айқын» көшіп барады Астанаға

Елорда Алматыдан Астанаға көшерде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Алматыға сыймай емес, қимай кетіп барамыз» деген болатын.  Сол сияқты, ақпарат айдынында үлкен өзіндік орны бар «Айқын» газетінің ұжымы да көшінің басын Астанаға бұрды. Әріптестерімізге ақ жол  тілей отырып, көш көлікті болсын, Елордада ел қызметінің көрігін қыздыра түсуге жазсын дейміз.  

Жүрсін Ерман,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Үйір болар үлкенге болар бала

Үйір болар үлкенге болар бала,

Жиһазыңды толтырып  сал

 арбаға.

Елдің сөзін жақыннан айту үшін

«Айқын» көшіп барады Елордаға.

 

Күнде кеңес құрарсың Күлтөбеде

Ел иланып, сөзіңе жұрт  ере ме.

Тас қалада  тауаның шағылмасын

Ақ жол тілеп қалайық

 Нұртөреге.

 

Шындық үшін бола ма

 талпынбауға

Елің сөзге қалмасын, xалқың

 дауға.

«Айқын» көшіп барады Астанаға

Құлағының түбінен саңқылдауға!

 

Алмас қылыш болады қайқы

 бірақ,

Жұқармасын Бұқар мен Майқы,

 Мұрат.

Елдің қамын жеткізіп Елордаға

Елбасыға айта біл айқынырақ!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *