Ахметбеков сайлаушыларымен ғаламтор арқылы байланыс жасайды

Биылғы кезектен тыс өтетін Президент сайлауының саяси додасындағы бәсекеде әркім өз ерекшеліктерімен көрініп қалуға тырысып-ақ бағуда. Президенттікке үміткер Жамбыл Ахметбеков те сайлауалды тұғырнамасын насихаттаудың жарқын бір бөлігі ретінде ән айтуды бастап кетті.

Қазақстандық пролетарлардың өкілі Жамбыл Ахметбеков өз сөзінде жас кезінде тамаша әнші болғанын та жасырмады.

«Мен бала кезімнен бастап музыкаға, әсіресе, рок-музыкаға ден қойдым. Өзім ән айтамын, өзім гитара мен домбырада ойнай аламын. Бір кездері кәсіби деңгейде орындаушы едім, қазір жас келді. Бірақ, қазіргі кезде өзім үшін, достарыммен бірге отырғанда айта беремін», – дейді Жамбыл Ахметбеков.

Ол өзінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін өлкелердегі қоғамдық штабтарын құрып, мереке алдында қызыл матаға малынған үгіт-насихат тобын аттандырып та үлгерді.

Жамбыл Ахметбеков үгіт-насихат жұмыстарын ғаламтор желісі арқылы да жүргізбек. Бұл үшін оның қолдаушылары ел азаматтарының электрондық поштасының әдірісін жинауға кірісіп кетті. Осы арқылы олар өз жаңалықтарын сайлаушылармен жүйелі түрде бөлісіп отырмақ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *