Аграрлық сала: маманның біліктілігі қандай?

Рая ЕСКЕНДІР

 

Жұмыс сапарымен ҚР Парламент Мәжілісі аграрлық комитетінің көшпелі отырысы Алматы қаласы мен Алматы облысында болды. Қазақстанның аграрлық саласының шеберханасы Қазақ Ұлттық аграрлық университеті екендігі белгілі. Арнайы топ алдымен университетке келіп, мұндағы Мемлекет басшысы айқындап берген міндеттемелердің жүзеге асырылуын және ауылшаруашылық өндірісіне ІТ-технологияларды енгізу, аграрлық саланы инновациялық бағытта кешенді дамыту жолында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Көшпелі отырысқа қатысушылар оқу орнының базасына орналасқан Агро­технологиялық хаб құрамына кіретін Қазақстан–Жапон, Қазақ–Жапон, Қазақстан–Беларусь агрогенте­нерлік, су, тұрақты егін шаруашылығы, Агроөнер­кәсіптік кешенге сандық технология­ларды енгізумен айналы­сатын Ситуа­циялық орталықтармен, Инновациялық жылыжай, Коллекция­лық бақ, Мемле­кеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде мамандар дайындауға ар­налған оқу, ғылыми-зерттеу зертхана­лары­мен, «Н.Назарбаев білім және ғылым орталығының» жұмысымен және «Аграрлық білім-ғылым-өндіріс интег­ра­циясы» көрме­сімен, университеттің жалпы оқу-ғылыми инфрақұрылы­мымен танысты.

ҚР Парламент Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитеті төрағасы С.Омаров университеттегі ғылыми жаңалықтарды өндірісте пайдалану, инвестиция тарту және ауылшаруашылығымен білікті мамандар даярлау ісін жан-жақты дамытып отырғаны үшін жоғары баға берді. Осыдан соң «Агроөнеркәсіптік кешен саласына білікті маман даярлау және ауылшаруашылық өндірісіне ІТ-технологияларды енгізу» тақырыбында кеңейтілген отырыс басталды. Алғашқы сөз кезегін Тілектес Есполов алып, былай деді.

– Еліміздің агроөнеркәсіптік кеше­ніне білікті маман дайындау бойынша  университетте халықаралық студенттік тәжірибе алмасулар, жас ғалымдар кон­ференциялары, жазғы және қысқы мек­тептер және стартап-жобалар байқау­лары ұйымдастырылып келеді. Тек ағымдағы жылда 200 стартап жобасы ұсынылды. Оның ішіндегі ең үздіктеріне 150–1000 АҚШ доллары көлемінде қаржылай сыйлықтар табысталды.

Өткен жылдың ішінде университет ғалымдары ауылшаруашылық өндірісіне енгізуге арнап 25 монография, 39 ұсыныс шығарып, патент алуға 24 оң шешім берілді. 1074 ғылыми мақала, соның ішінде импакт-факторы бар 70 мақала жарық көрді. Осы жылы байқауға қатысуға 112 өтінім берілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 есе артық.

Ауылшаруашылық мамандықтарын дайындауда еліміздегі 3 жетекші ЖОО-мен қатар аймақтарда 20 оқу орны білім береді. Оның 7-еуі жекеменшік. Аграрлық секторға мамандар дайындау үшін гуманитарлық және басқа да профильді емес оқу орындарында мынадай маман­дықтар бойынша дайындайды: «Ветери­нарлық медицина», «Ветеринарлық сани­тария», «Мал шаруашылығын өнімдерін өндіру технологиясы», «Су ресурстары және суды қолдану», «Жерге орналас­тыру» және тағы басқа. Көптеген жоғары оқу орындары мамандарды дайындауға тиісті инфрақұрылымдары мен тиісті ғылыми мектебі жоқ. Осының бәрі мамандар дайындау сапасын төмендетеді. Ресми есеп бойынша қазіргі таңда еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің 80 пайызы білікті мамандарға мұқтаж. Бүгінгі күні ауылда ауылшаруашылығын жақсы білетін экономистер, бухгалтерлер, менеджерлер тапшылығы сезіледі. Бұл мамандарды аграрлық ЖОО-да дайындау керек.

Келесі кезекте, ҚР Парламент Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитеті төрағасы С.К.Омаров көшпелі отырысқа төрағалық жасап, саланың түйткілді проблемаларын ортаға салып, аграрлық саланы инновациялық дамыту мәселе­лерін саралады. Отырысқа сонымен қатар, Мәжілістегі аграрлық Комитет мүшелері, ҚР ауыл шаруашылы­ғының  вице-ми­нистрі Е.Н.Нысанбаев, «Ұлттық  аграр­лық  ғылыми-білім  беру орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы Ұ.Қ.Тәжібаев, ауыл шаруашылық ғылымының докторы, академик Ғ.Ә.Қалиев, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық уни­верситетінің проректоры Қ.Қ.Айту­ғанов, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық уни­вер­ситетінің ректоры А.М.Нәметов, Қазақстанның аграрлық жоғары оқу орындарының өкілдері, Ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, ҚР АШМ ауыл шаруашылық тәжірибе стансалары мен тәжірибелік шаруа­шылық мамандары, ауылшаруашылық тауар өндірушілері, ҚазҰАУ оқытушы-профессорлар құра­мы, докторанттар, магистранттар, студенттер қатысты.

Отырыс мүшелері ҚазҰАУ ұстаз-ғалымдарымен, білім алушы жастары­мен кездесіп, пікірлесті. Халық қалау­лылары университет ғалымдары мен студент­терінің жинақтаған тәжірибе­лерімен, ғылыми-зерттеу жұмыстары­ның өнді­ріске енгізілгеннен кейінгі нәтиже­лер­мен, жаңа стартап-жоба­лармен танысты.

Жиын қорытындысы бойынша «Агроөнеркәсіптік кешен саласына білікті маман даярлау және ауылшар­уашылық өндірісіне ІT-технология­ларды енгізу» бойынша нақты ұсыныс­тар әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.

Көшпелі отырыстың университеттегі жиынынан соң аграрлық Комитет мүшелері мен ғалымдар Алматы облысы аумағында орналасқан «Amіran» Қазақ тағамтану академиясының зауытына, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруа­шылығы ғылыми-зерттеу институтына, Қазақ картоп және көкөніс  шаруа­шылығы ғылыми-зерттеу институтына және басқа да шаруашылықтарға арнайы барып, мамандармен, агробизнес өкілдерімен кездесіп, ортақ мәселелерді шешудің тиімді жолдарын талқыламақ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *