АГРАРЛЫҚ САЛАҒА ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛГЕН ЖОЛДАУ

Тілектес ЕСПОЛОВ, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА Вице-президенті, академик

Қазақстан Республикасының Презденті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы Жолдауы әлемдік пандемия жағдайындағы еліміздің іс-қимылы мен айқын бағытын анықтап берді. Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауында халықты толғандырып жүр­ген түйткілді проблемаларға айрықша мән беріп, қоғамдағы өзекті мәселелерге ерекше тоқ­талды.

Бүгінгі күні егемен еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің алдында, әлемдік нарықта экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті, сапалы өнім көлемін ұлғайту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті тұр.

Президент еліміздің индустриалды-инновациялық даму бағытын экономикалық әлеуетімізді арттыруға негіздеу барысын жетілдіре отырып, Үкіметке ауыл шаруашылығын мейлінше жандандыруды және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақ­са­тында ұсақ ауылшаруашылық құрылымдарды кооперация арқылы ірілендіру мәселесін қарастыруды, бәсекеге ақбілетті агрөндірісті дамытуды тапсырды.

Жолдауда Президент Үкіметке бизнеспен бірлесіп Агроөнеркәсіп кешенінің дамуының бесжылдық ұлттық жобасын дайындауды тапсырды. Сонымен қатар, барлық аймақтарда Азық-түлік Хабы ашылатын болды.

Қазіргі кезде ауылшаруашылық өнімдерінің кейбір түрлерінің 40-95% шет мемлекеттерден сатылынып алынады, ал экспортқа шығарылатын өнімдерідің – 80%  шикізат түрінде сатылады. Сондықтан ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін саланы дамыту керек. Егер шикізатты 100% деп алсақ, өңделген өнімнің көлемі 40% аспайды.

Қазір елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 200 мыңнан астам агроқұрылымдар мен 1,6 млн. үй шаруашылықтары айналысады. Осы агроқұрылымдардың 188 мыңы немесе 94 пайызы шаруа қожалықтары және олар жалпы ішкі өнімнің 30 пайызын ғана өндіреді, сонымен қатар, олардың 40 пайызының жерлері 10 гектардан аспайды.

Бүгінгі күні ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен тұтынушылар арасында шешілмеген мәселенің бірі – ол, осы салада өндірілетін өнімді сатудан түскен пайданың 70 пайызы делдалдардың үлесінде.

Осы мәселені шешуде Азия Даму Банкі біздің университеттің ғалымдарымен бірлесіп, барлық аймақтарда ірі агрологистикалық орталықтарды құру жобасын жасауда.

Ауылдық жерлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту үшін Президент «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы жалғаса беретінін атап өтті.

Мемлекет басшысы Жолдауда ауыл кәсіпкерлерін қолдау мақсатында оларға мемлекет тарапынан 6 пайыздан аспайтын, жеңілдетілген несие беруді тапсырды. Бұл дегеніміз, қара­пайым қазақ ауылдарының тыныс-тір­шілігі де барынша жандана түседі деген сөз. Ал ауыл қазақ үшін қашаннан елдік пен ұлттық рухтың, еңбек пен берекенің қайнар бастауы.

Сонымен қатар Ел Президентінің Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту мерзімін жеделдету, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құру, заманға лайық сапалы білім беру, ғылым мен экономиканы инновациялық бағытта өркендету, үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеу, барлық салаларда жаңа цифрлы технологиялар енгізу, сыбайлас жемқорлықпен күрес, сынды маңызды мәселелердің шешілуін көздеген нақты тапсырмалары көптің көкейіндегі ойды дөп басты.

Жолдауда отандық агроөнеркәсіптік кешеніне ерекше көңіл бөлінуі –ауылшаруашылық бағыттағы білім, ғылым саласында еңбек етіп жүрген мамандарға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымы Мемлекет басшысының Жолдауын қолдап, осы саланың алдына қойған міндеттердітиімді іске асыруда бар күш-жігерін жұмсайды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *