Қадыровтың қағидасы

 

Шешеннің басшысы Рамзан Қадыров неке үйінде некеге тіркелу ерлі-зайыптылардың арасында сенім жоқтығын көрсетеді деп есептейді. «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында ол «неке үйі қаны бұзық адамдардың ойлап тапқан амалы» деді.

– Неке үйі не үшін керек? Ажырасу үшін, дүниелерін бөлісу үшін керек. Неке үйі бұл отбасының шырқын бұзу үшін заңмен жасалған алғашқы қадам, – дейді және ол.

Сондай-ақ, ол көп әйел алуды заңдастыру жөніндегі мәселені көтеруді қажет деп санамайды екен. Ол бұл ойын былай түсіндіреді. «Жаратушының өзі төрт әйел алуды әу бастан-ақ заңдастырып қойған. Сондықтан бұл заңды кім талқылайды? Біз зайырлы мемлекетте тұрамыз. Сондықтан оны мемлекеттік Думада қызылкеңірдек болып талқылауына ешкімнің құлқы жоқ деп ойлаймын. Сүйесің бе үйлен, мүмкіндігің бар ма қалауыңша отбасын құр, жағдайын жаса».

Бұдан бұрын Қадыров «көп әйел алған өте жақсы, ал көп көңілдесің болу – жаман» деп сөйлейтін. Бүгінде осы ойынан көп алыс кетпеген тәрізді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *