ҚАДІРІ АСҚАН ҚАДЫР КЕШІ

«Зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ-ның оқу залында ақын Қадыр Мырза-Әлінің 85 жылдығына арналған «Қазақтың Қадыры поэзияның қыдыры еді» атты әдеби сазды кеш өтті. Кешке ақын атындағы қоғамдық қордың директоры ҚР еңбек сіңірген қайраткері Донеділ Қажымов және кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары қатысты.

Кешті ақын, өнертанушы Талап Қараш жүргізді. Кеш қона­ғы белгілі композитор Донеділ Қажымов 2011 жылдан бері қор­дың атқарып келе жатқан жұ­мыс­тарымен таныс­тырды. Ақын­ның бірнеше кітабы мен өз дауы­сымен оқыл­ған өлеңдер дискісі шыққанын, туған жері Орал мен Жымпи­тыда ескерткіштері ашыл­ғанын, бірнеше рет мүшәйра ұйымдастырылғанын атап өтті. Және сол кітаптар мен дискілерді кітапхана директоры Асхат Бай­ұзақовқа табыстады. Кешті одан ары жалғаған композитор Қадыр ақынның сөзіне жазылған өзінің бірнеше әнін орындады.

Бұдан кейін кешті жалғаған оқырман Сәуле Смағұлова ақын­ның бірнеше өлеңін нақышына келтіре оқып берді. Ақынның өлеңін оқуды кітапхана қызмет­керлері де жалғас­тырып, Қадыр­дың отты жырлары тыңдармандар жүрегінен жол тапты.

Кешті түйіндеген кітапхана директоры Асхат Байұза­қов руха­ни орданың жоспарына сәйкес мұндай іс-шаралар жыл бойы өтіп отыратынын айта келіп, кеш қо­на­ғы Донеділ Қажымовқа кітап­хана атынан Алғыс хат тапсырып, ризашылығын білдірді.

 

Зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған

республикалық кітапхананың

баспасөз орталығы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *