«Адамзаттың Абайы»

Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында Басқарманың 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлы Абайдың туған күніне арналған «Адамзаттың Абайы» атты қалалық іс-шара өткізеді.

Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қоғамдық келісім мен қазақстандық рухани бірлікті нығайту және азаматтарды отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, көпшіліктің қазақ­тың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және мемлекеттік тіл саясатын насихат­тауды мақсат ететін шараға құрметті қонақ және көрермен ретінде зиялы қауым, ақын-жазушылар, мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БАҚ тілшілері, студент жастар мен оқушылар, жалпы өнер сүйер қауым шақырылады.

Іс-шарада белгілі ақындар мен өнер шеберлері Абайдың шығарма­ларын, өлеңдеріне жазылған әндер мен романстарды орындайды және ақынға арнаған арнауларды оқиды.

Қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар беріледі. Іс-шара барысы ұйымдастырушылар тарапы­нан бейнетаспаға және фотосуретке түсіріледі.

 

Байланыс телефондары:

Ала­тау ауданы — 2998649;

Алмалы ауданы — 2612608;

Әуезов ауданы — 3032515;

Бостандық ауданы — 2755068;

Жетісу ауданы – 3842775,

3842754;

Медеу ауданы — 2916434;

Наурызбай ауданы — 3074553;

Түрксіб ауданы — 2231115;

Алматы қаласы Тілдерді

дамыту басқармасы – 2631527,

«Senіm Group Consultіng» ЖШС —

2250300

 

Өтетін орны: Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының алаңы (Қабанбай көшесі, 110)

 

Өтетін уақыты: 10 тамыз күні сағат 17.00-де

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *