АДАМДЫ ЖҮРІСІНЕН ТАНИТЫН КАМЕРА ӨТЕ СЕРГЕК

Кезінде Қытайда жұртшылықтың назарына ұсынылып, қазір қолданысқа біртіндеп ене бастаған адамды жүрісінен тану жүйесі, тіпті, көшеде өтіп бара жатқан кез-келген адамды жүзі жасырулы болса да немесе алыстан түсірілсе де танып қояды. Бұл технологияны алдау мүмкін емес, өйтке­ні, әр адамның жүрісі қайталануы сирек өзгешелікке ие. Қытайдың Watrіx компаниясы адамды жүрісінен әрі дене тұрқынан тануға мүмкіндік беретін жаңа құрылғы жасап шығарған болатын. Жасанды интеллекті камерадан теріс айналып ту сыртын берсе де, бетперде кисе де адамды тануға қабілетті. Аталмыш жүйе адамның дене тұрқын, бойын, салмағын, жылдамдығын, т.б. деректер базасында сараптап тануға негізделген. Жорта ақсаң­дай басып немесе әдейі баяу адымдасаңыз да, ол-ол ма, қалың нөпірдің арасында жүрсеңіз де тани алады. Яғни тарқа­тыңқырап әрі нақтырақ айтқанда, қазіргі уақытта жасанды интеллекті алгоритмі бір шаршы шақырым аумақтағы мың адамды барынша дәл таниды. Осынау жүйе арқылы бұқаралық шара кезінде тобырдың мінез-құлқын болжауға болады. Осылайша аталған елдің билігі адамдардың қандай мақсатпен топтасып, жиналғанын біліп, дер кезінде қатердің алдын алатын болады. Кезінде жаңашылдығымен елдің назарын өзіне аударған аталмыш технология адамды 50 метр қашықтықтан 94 пайызға, ары кетсе он минуттың ішінде дәл анықтап бере алады. Ал CAS ғалымы Хуан Юнчжэннің сөзіне қарағанда, адамды 50 метр қашық­тықтан 200 миллисекунд ішінде тани алмақ. Яғни қас-қағым сәттен де тез тани­ды. Watrіx компаниясының мамандары алдағы уақытта адамды нақты уақытында жазбай тануға мүмкіндік беретіндей етіп жетілдіруді алдына мақсат етіп қойып отыр.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *