Адамдар шайды қай уақыттан іше бастады?

Сіз шайды қандай елмен байланыстырар едіңіз? Бәлкім, Англиямен немесе Қытаймен. Олар өздерінің шай дәстүрлерімен және рәсімдерімен танымал. Алайда, шайдың Отаны ‒ Қытай, онда оны ерте кезден бастап дәрілік зат, содан кейін сусын ретінде қолданған. Әлемнің барлық елінен осы тамаша сусынның ең көне іздері табылып жатыр, сондықтан Қытай шайды барлық жерде таратудың алғашқы көзі деп санауға болады.

Қытай аңыздары шай сусынының керемет қасиеттері мен дәмін алғаш рет император Шэнь-Нунь б.з.д. 2739 жылы елдегі саяхаты кезінде ашыпты. Әрине, мұның бәрі мифтен артық емес, бірақ тарихшылар шай сусыны Қытайда шамамен 5-ғасырда тарады деп санайды, бірақ кейбір аймақтарда оны тұтыну біздің дәуіріміздің басында басталды.  Б.з.б. 59-жылы жасалған және шай қайнату тәсілі туралы әңгімелейтін көне қытай жазбасы бұған дәлел болды.

Бірақ Қытай археологтарының жаңа олжасы қытайдың шай дәстүрлері б.з.д. 2- ғасырдан бастау алады деп көрсетеді. Б.з.д. 141 жылы қайтыс болған Хань әулетінен шыққан Қытай императоры Лиу Кидің императорлық зиратын қазу кезінде, Қытай Ғылым академиясының зерттеушілері көне шай жапырақтарының қалдықтарын тапқан, халқы о дүниеде император сүйікті сусынын ішіп, ләззат алсын деген ниетпен қойған екен.

Кептірілген шай жапырақтарын талдау көрсеткіштері олар Батыс Тибетте өсетін Camellia sinensis шай ағашынан жасалғанын айтады. Осыған орай, б.з.д. 2-ші ғасырда Қытайдың Тибет таулары аймағынан елдің әр түкпіріне жеткізілген шайдың саудасы қарқынды дамыған деген қорытынды жасауға болады. Демек, біз адамдар шайды шамамен 2200 жыл бұрын қолданғанын сеніммен айта аламыз.

Анель ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ,

«Тұран» университеті «Журналистика» мамандығының 2-курс суденті.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *