АДАМ ЖЕРЛЕУДІҢ ЖӘНЕ ЗИРАТТАРДЫ КҮТІП-БАПТАУДЫҢ ӨЗ ТӘРТІБІ БОЛУЫ ТИІС

Әр адамның Жаратқан пешенесіне жазған тағдыр сағаты бар. Сол сағатымыз тоқтаған сәтте барлығымыз да   мәңгілік мекеніміз – жер бесікке бөленеріміз ақиқат.

Нұржамал БАЙСАҚАЛ

Міне, сол мәңгілік мекеніміз жайлы болу үшін де оның тәртібі мен қағидаларына бағынуымыз керек екен.  Бұл мәселе   VІ сайланған Алматы қаласы мәслиха­тының жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысында жан-жақты талқыланды.  Комис­сия отырысын мәслихаттың Жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы Ержан Еркінбеков жүргізді. Комиссия мүшелері тарапынан айтылған сын-ескерт­пе­лерге байланысты Алматы қаласының «Салттық қызметтер көрсетудің арнаулы комбинаты» ЖШС директорының орынбасары   М.Исмаилов хабарлама жасады.

Қазіргі кезде Алматы қаласының төңірегінде жетпіс­тен астам  адам жерлейтін қорымда, яғни зираттар бар  болса,  Салттық  қызметтер көрсететін комбинат өкілдерінің айтуынша, қазір сол қорымдарда адам жерлейтін  жер азайып бара жатқан көрінеді. «Кеңсай», «Бағанашыл» зираттарында тіпті орын  қалмай бара жатқан жәй бар екен.  Осы жәйт­тардың барлығы сол жерлеу тәртібін  сақтамаудан орын алып отыр деген комбинат басшылығы   жерлеу мен зиратты  күтіп-баптаудың  ережесін бекіту қажеттілігін жет­кізді. Мәселенің мән-жайын кеңінен талқылаған комиссия мүшелері  толықтырулар мен өзгертулер енгізіп, Ереженің жобасын қалалық мәслихатқа ұсынуды жөн көрді. Комиссия мүшелері әр зиратта жерлеу рәсіміне қатысты көрсетілетін   қызмет түрлерінің бағасы, қызмет түрлері жазылған анық­тамалық тақтайшаның болу қажеттілігін ескертті. Сонымен бірге, жерлеу бағасын бірыңғайландыру мәселесі де сөз болды. Ал әзірге Алматы қаласы бойынша бір адамды жерлеуге жұмсалатын шығын   орташа есеппен  85 мың теңгені құрайды  екен.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *