Адам ұшақпен ұшқанда шашы екі есе тез өсетін көрінеді

 

Американы автомобиль өнеркәсібі көтерсе, бізді тұрғын үй құрылысы мен ауыл шаруашылығы көтере алады, – деді Н.Назарбаев.

Астанада қоқыс қабылдайтын такси қызметі іске қосылды.

Қытай қазақ астығын, күнбағыс пен зығыр майын көптеп сатып алуға мүдделі.

Қазақстан мен Қытай БАҚ саласы бойынша ынтымақтастықты жетілдірмекші.

Талдықорғанда асық атудан облыстық жарыс өтті.

Биыл жазда Әбу-Даби мен Астана бағытында жаңа рейстер саны артады.

Ауылшаруашылық министрлігі «Алтын асық», «Сыбаға» бағдарламасы бойынша тиімді шарттармен несиелер беруді бастады.

24 әлемдік сарапшы Г.Головкинді орташа салмақ­тағы әлемдік ең мықты боксшы деп таныды.

Егер адам күніне бір алма жесе, инсульт пен жүрек талмасының алдын алады.

Грек жаңғағы қан қысымын реттейді.

Жұмыртқаны көп жеген адамның бойында холестерин мөлшері қалыпты болады.

Қанат Ислам 23 маусымда рингке қайта оралады.

Соңғы 2 жылда Африкаға 5,5 млн. адам қоныс аударған.

Сәбіз ас қорыту жұмысына оң әсер етіп, ішек жұмыстарын реттейді.

Қазақстан пен Қырғызстан өзара сауда айналымын 1 млрд. долларға арттыруға ниетті.

Биыл еліміздің ішкі нарығы толығымен отандық жанар-жағар маймен қамтамасыз етіледі.

Д.Трамп Ким Чен Ынмен 12 маусымда кездесетінін нақтылады.

Ақ үй Трамп пен Путиннің кездесуіне дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Өзбекстан Қазақстан нарығындағы көліктерінің бағасын өсіреді.

Отырар археологиялық мұражайы цифрлық технологияға көшеді.

Атақты әнші Димаш Құдайбергеновтің отбасы «Мерейлі отбасы» байқауында жеңімпаз атанды. Аймақта бұл байқауға сұраныс артып келеді. Мәселен, 148 елді-мекеннен 500-ден астам отбасы өтініш берген.

2017 жылы елімізде 390 262 нәресте өмірге келген. Оның ішінде қалада – 226 847, ал елді-мекендерде – 163 415. Оның 51,7 пайызы – ұл, 48,3-і – қыз бала.

Сыртқы істер министрлігі табиғаты ыстық алыс елдер­ге сапар шеккенде екпе жасауды міндеттейді. Меккеге қажылыққа баратындарға менингитке қарсы, ал Африкаға және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне ұзақ сапарлайтын болсаңыз, гепатитке қарсы екпе жасат­қан жөн.

Егер салық, айыппұл, алиментке 20 айлық мөлше­рінен жоғары қарыз болсаңыз, шет елге шыға алмайсыз. Тіпті, коммуналдық төлемдерге де осылай.

Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап Өзбекстан  Daewoo Matіz автомобильдерін шығаруды тоқтатады.

Биыл шағын және орта бизнесті дамыту үшін 20 млрд. теңге бөлінеді.

Өскеменде діні бөлек азамат 500 мұсылманға ауызашар берді.

Биыл Литва университеттері Қазақстанға 200-ден астам грант ұсынды.

Мамыр айында азық-түлік бағасы 5,1 өскен.

Жылойда қайырымдылық дүкені ашылды.

1 маусымнан бастап елімізде цифрландыру сауат­тылығын арттыру жөніндегі курстар басталады.

Алматыда спорт сүйер қауымға таңғы тегін жаттығу өткізілді.

Кір сабынның жарақатты жазуға ықпалы мол және түрлі аурулардан сақтайды.

Таз ауруына шалдыққанда дәрігерлер кір сабынмен жуынуға кеңес береді.

Алғаш рет 1 мың түлек Астана әкімдігінің грантын алады.

Елордадағы барлық лифт компаниялары тексеріс­тен өтетін болады.

Түркиядағы Рим империясы кезіндегі монша ЮНЕСКО тізіміне енді.

Рак ауруы әлем бойынша соңғы 10 жылда үш есе артқан.

Қырғызстанның Ош қаласында тұңғыш рет бүлдіршіндер арасында еңбектеуден жарыс өтті.

ҚР Елтаңбасын іріктеуде 293 ұсыныс келіп түскен.

2021 жылы дүние жүзінде тұңғыш рет әлемдік этноойындар олимпиадасын өткізу жоспарлануда.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Сайын Шапа­­ғатов ауылындағы өрт кезінде Құран кітап жанбай қалған.

Алматыда 34 мың түп алма ағашы отырғызылды.

Жыл басынан бері Алматыда ХҚКО қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі 1132 азаматқа отбасына барып, қызмет көрсеткен.

Адам ұшақпен ұшқанда шашы екі есе тез өсетін көрінеді.

2017 жылы елімізде 390 262 нәресте өмірге келген. Оның ішінде қалада – 226 847, ал елді-мекендерде – 163 415. Оның 51,7 пайызы – ұл, 48,3-і – қыз бала.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *