«ADAL» саяси партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Бүгін «Adal» саяси партиясының кезектен тыс VII съезінде ұйымның сайлауалды бағдарламасының жобасы таныстырылды.

Айта кету керек, бұған дейін «Adal» саяси партиясының кезектен тыс VII съезінде Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімі бекітілген болатын.
«ADAL» саяси партиясы саяси кеңесінің мүшесі Олжас Ордабаевтың айтуынша, «Adal» партиясы қоғам өмірінің барлық саласында кең ауқымды жаңғырту ісіне кіріспек.
– Біз алға қойған барлық мақсатқа қол жеткізуіміз қажет. Күнделікті жұмысымыздың, іс-әрекетіміздің мәні азаматтарымызға қамқорлық екендігін көрсеткіміз керек. Бұл партия жұмысының мәні деп санаймыз. Партия бағдарламасы негізгі 5 басымдықтан тұрады. Атап айтқанда, Барлық азаматқа лайықты өмір; Кәсіпкерлік – табысты мемлекеттің негізі; АӨК-ті дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі; Қуатты өңір – қуатты ел; Мемлекет адамдар үшін, – деді ол.
Н.АСЫЛ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *