«ADAL»-дың мақсаты – халықтың тұрмыс-тіршілігін, өмір салтын жақсарту

Нұр-Сұлтан қаласында өткен ADAL саяси партиясының VII съезінде партия төрағасы Серік Сұлтанғали ұйымның жаңару процесі тек атаудың өзгеруімен ғана шектеліп қалмайтынын тілге тиек етті. Айта кету керек, бүгін ADAL саяси партиясының VII съезінде партияның сайлауалды бағдарламасының жобасы таныстырылды.

Сайлауалды бағдарлама жобасының 5 негізгі бағыты мынандай:
• Барлық азамат үшін лайықты өмір;
• Кәсіпкерлік — табысты мемлекеттің негізі;
• АӨК дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі;
• Қуатты өңірлер — қуатты ел;
• Мемлекет адамдар үшін.
Партия төрағасы Серік Сұлтанғали VII съездің негізгі мақсаты – бағдарламаны айқындап, дайындықты пысықтау, партиялық тізімдерді бекіту екенін жеткізді.
– Ел дамуына біздің партия да үлес қосып келеді. Партияның мақсаты – халықтың тұрмыс-тіршілігін, өмір салтын жақсарту. Ол үшін үкімет, министрліктер, әкімдіктер, партиялар біріге күш жұмсауымыз керек. 2020 жылдың 10 қаңтарында өтетін Парламенттік сайлауға қатысуға біздің партия да дайындығын жасап жатыр. Бүгінгі VII съездің негізгі мақсаты – бағдарламаны айқындап, дайындықты пысықтау, партиялық тізімдерді бекіту. Съезге 347 делегат қатысып отыр, – деді ол.
Еске салсақ, елімізде 2013 жылы құрылған «Бірлік» саяси партиясының атауы биыл 5 қарашада ADAL болып өзгерді.
– Біздің партия жаңарды. Жаңару процесіне біздің саяси кеңес пен өңірлік филиалдардың басшылары қозғаушы күш болып отыр. Алға жылжу үшін заманға сай ақпараттық технологияларды, тағы басқа тәсілдерді меңгеру керек. Біздің жаңару процесіміз тек атаудың өзгеруімен ғана шектеліп қалмайды, – деді партия басшысы.
Н.АСЫЛ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *