Абылайхан ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Жетісу ауданы әкімінің ұйымдас­тыруымен Халықаралық ескерткіштерді және тарихи орындарды қорғау күніне орай «Алматы-2» темір жол бекетіндегі аумақта орналасқан Абылайхан ескерт­кішіне гүл шоқтары қойылып, салтанатты жиын өтті.

Шараға Жетісу ауданының тұр­ғын­дары, зиялы қауым өкілдері, әкімшілік қызметкерлері мен жастар қатысты. Қазақ халқы­ның көрнекті қолбасшысы бол­ған Абылайханның өмірбаяны да көпшілікті қатты қызықтырды.

Үш жүзге ортақ болған Абы­лайханға деген ақындардың арнау өлеңдерін де көпшілік ынта қойып тыңдады.

Рая ЕСКЕНДІР

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *